1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №03 (15461) 12 қаңтар, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қаңтар 2010
«Тұлпар» бiрiншi орынға шықты

Қарағандының “Тұлпар” спорт кешенiнде қаңтардың 6-10-ы аралығында футзалдан ел бiрiншiлiгiнiң 3-тур ойындары өттi. 2-турдың қорытындысы бойынша көш бастаған Алматының “Қайраты” Қарағандыда алаң иелерi “Тұлпардан” ұтылып, турнир кестесiнiң екiншi сатысына сырғыды.

Биылғы ел бiрiншiлiгiнде елiмiздiң үш командасымен бiрге Қырғызстанның Бiшкек қаласынан келген екi команда өнер көрсетуде. Қаржылық дағдарысқа байланысты ақ­төбелiк “Ақтөберентген” мен рудныйлық “Аят” клубтары Қазақстан бiрiншiлiгiне қатысудан бас тартты. Есесiне, бұл екi команданың орнын қырғызстандық командалар басты. Желтоқсан айының басында ел бiрiншiлiгiнiң екiншi тур ойындары дәл осы қырғыз жерiнде өткен-дi.
Үшiншi турдың ойындары алаң иелерi үшiн сәттi басталды. Соңғы жылдары “Қайраттың” қаһарына шыдас бере алмай жүрген қарағандылық клуб бұл жолы алматылықтарды алып соқты. Жарыстың бiрiншi күнi “Қайрат” ойыншыларын қабылдаған “Тұлпар” қарсыластарын 4:3 есебiмен қапы қалдырып, маңызды үш ұпайға қол жеткiздi. Бұл күнi Бiшкектiң “АУБ” командасымен алаңға шыққан астаналық “Ұшқын” қонақтарды 3:2 есебiмен жеңдi.
Қалған ойын күндерi көш басындағы “Тұлпар” мен “Қайрат” ұпай жоғалтқан жоқ. Бiшкектiң қос командасы “АУБ” пен “Әдiлеттi” және Астананың “Ұшқынын” ойсырата жеңген көшбасшылар 3-турдың қорытындысы бойынша тиiсiнше бiрiншi және екiншi орындарды бөлiсiп тұр. Қыр­ғыздардан айласын асырған астаналық клуб үшiншi орында.
 
Үшiншi тур ойындарының нәтижелерi мынадай:
6 қаңтар
“Тұлпар” (Қарағанды) – “Қайрат” (Алматы) – 4:3;
“АУБ” (Бiшкек) – “Ұшқын” (Астана) – 2:3.
7 қаңтар
“Әдiлет” (Бiшкек) – “АУБ” (Бiшкек) – 2:2;
“Тұлпар” (Қарағанды) – “Ұшқын” (Астана) – 7:2.
8 қаңтар
“Ұшқын” (Астана) – “Қайрат” (Алматы) – 4:11;
“Тұлпар” (Қарағанды) – “Әдiлет” (Бiшкек) – 7:4.
9 қаңтар
“Ұшқын” (Астана) – “Әдiлет” (Бiшкек) – 6:3;
“АУБ” (Бiшкек) – “Қайрат” (Алматы) – 2:4.
10 қаңтар
“Қайрат” (Алматы) – “Әдiлет” (Бiшкек) – 5:0;
“Тұлпар” (Қарағанды) – “АУБ” (Бiшкек) – 9:3.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар