1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15752) 30 қазан, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
30 қазан 2012
Чиншанло елге оралды, бiрақ...

Қытай баспасөзi құтыртып хабарлап, Қытай құрамасы қатарына қайтып оралғанын жазған Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Алматыға келдi.   

Әйтсе де, ел iшiнде гу-гу әңгiме туғызған шынашақтай қара қыз өзiнiң спорттық карьерасын қайда жалғастыратыны жұмбақ күйiнде қалып тұр. Зiлтемiршi қызымыз өзiн әуежайда күтiп алған журналистерге жолдан қатты шаршап жеткенiн айтудан әрi аспаған. Иә, Чиншанло әзiрге үнсiз. Бiрақ жеке бапкерi Виктор Ни «азаматтықты ауыстырғаны туралы әңгiменiң бәрi бос сөз» деп отыр.   
Ал отқа май құю әдiсiн мықтап меңгерген қытайлық Синьхуа агенттiгi “З. Чиншанлоның қазақстандық ауыр атлетика федерациясымен келiсiм-шарты 2012 жылдың 15 қыркүйегiнде аяқталған” деп күллi күншығыс елiнен сүйiншi сұрағаны бар.  Бұл мәселеге федерацияның мамық орынтағында отырғандар маужырамай жуық арада үн қатқаны дұрыс болар едi.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Қытай баспасөзi таратып жатқан мәлiметтiң бәрiн «арандатушылыққа» теңеп отыр. Олимпиада чемпионы Ауыр атлетика федерациясымен келiс­сөз жүргiзу үшiн қайтып оралды деген де жорамал бар.
Қалай болған күнде де Чиншанло Қазақстанға қол бұлғап, Қытай аса ма, әлде бүгулi бармағын бiр-бiрлеп жайып, бiзбен қайта келiсiм­шарт жасаса ма, ол жағы таяуда белгiлi болады. Федерация басындағылар қара қыздың болашағына байланысты баспасөз мәслихатын өткiзудi жоспарлап отыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар