1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №03 (15461) 12 қаңтар, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қаңтар 2010
Қысқа қайырғанда

“Ақтөбе” футбол клубының футболшылары Ұлықбек Асанбаев (суретте) пен Александр Митрофанов биылғы маусымда Шым­кенттiң “Ордабасы” клубында өнер көрсетуi әб­ден мүм­кiн. Екi футболшы да шымкенттiк команданың сапында Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

·          Қаңтардың 25-i күнi Алматының “Қайраты” Түркияға оқу-жаттығу жиындарына кетедi. Команданың бас бапкерi Сергей Волгиннiң айтуынша, “Қайрат” биылғы маусымда қаражат жағынан тапшылық көрмейдi.
·          Былтырғы маусымда Астананың “Локомотив” клубының намысын қорғаған Қайрат Әшiрбеков “Ордабасы” клубымен келiсiмшартқа отырды.
·          Түркияда оқу-жаттығу жиындарын пысықтап жатқан “Ақтөбе” футболшылары жергiлiктi “Карсиякаспор” клубымен жолдастық кездесу өткiзiп, 1:2 есебiмен ұтылып қалды. Алаң иелерiнiң қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы – Самат Смақов.
·          Германияның бундеслигасына жолы түспеген “Тобылдың” бұрынғы ойыншысы Сергей Скорых “Ақтөбе” командасында сынақта жүр.
·          Қаңтардың 7-сi күнi Қостанайдың “Тобылы” Түркиядағы жаттығуларын бастады. Равиль Сабитов баптайтын команда Грузияның “Зестафони” командасымен жолдастық кездесу өткiзудi жоспарлап отыр.
·          Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Кучма жуық арада “Қайрат” клубымен келiсiмге келуi мүмкiн. “Қайраттың” құрамында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқан А.Кучма бұған дейiн “Ордабасы” клубында доп тептi.
·          Оралдың “Ақжайық” клубына жаңадан бас бапкер тағайындалды. Биылғы маусымда премьер-лигада өнер көрсететiн команданы бұдан былай Беларусь маманы Анатолий Юревич жаттықтырады.
·          Владимир Фамичев баптайтын “Тараз” командасы ақпанның 10-ы мен наурыздың 1-i аралығында Ашхабадта Түрiкменбашы кубогы үшiн өтетiн турнирге қатысады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар