1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15740) 18 қыркүйек, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 қыркүйек 2012
Спорт ақпарат

МАҚСАТЫ ОРЫНДАЛДЫ

“Астана” велоклубының мүшесi Мақсат Аязбаев “Болгария турында” жеңiмпаз атанды. Жерлесiмiз басты қарсыластарын шаң қаптырып, жалпы есепте топ жарса, күмiс жүлде “BDC MARCPOL TEAM” клубының шабандозы поляк Мацин Сапаға бұйырды. Болгар Петров Георгиев (“BRISASPOR” клубының атынан жарысқа қатысты) қола жүлденi иелендi.
Бұл сынға “Астана” клубынан Арман Қамышев, Никита Өмiрбеков, Владислав Горбунов та ­қатысты.
 
ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ
Алматыда волейболдан қыздар арасында Азия кубогы өттi. Бұл сында Сана Жарылғасова бастаған елiмiздiң ұлттық құрамасы қола жүлдегер атанып, гран-при сайысына қатысуға мүмкiндiк алды.  
Украиналық маман Александр Гутор баптайтын елiмiздiң құрамасы жартылай финалда Қытай қыздарына 0:3 есебiмен жол берген. Қола жүлде үшiн Вьетнам құрамасына лайықты қарсылық көрсете бiлдi. Үш сетте басым түстi де, Азия кубогында жүлделi орынға тұрақтады.
Финалда азулы қытайлықтар Тайланд құрамасына төтеп бере алмай, күмiс медальдi мiсе тұтты.
 
САУАП БОЛДЫ
Лондон олимпиадасының чемпионы велоспортшы Александр Винокуров өзiнiң шайтан­арбасын аукционға қойып, 50 мың АҚШ долларына бағалапты. Дәл өзiнiң туған күнiнде (16 қыркүйекте Винокуров 39-ға толды) ұйымдастырылған аукцион барысында Винидiң арбасы 243 мың АҚШ долларына сатылыпты. “Specialized” маркалы шайтанарбаны “Tak Group” компаниясы сатып алған екен. Сонымен бiрге ХХХ жазғы олимпиада ойындарында киген киiмi 10 мың долларға сатылды. 
Әйгiлi спортшы аукционнан түскен қаржыны қайырымдылық iске жұмсамақ. Қомақты қаражатты елiмiздегi сырқат балалардың ем-домына жаратады.
 
ШАЙНАМАЙ ЖҰТТЫ
Футболдан елiмiздiң қыздар құрамасы келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатына iрiктеу аясында Германия құрамасын қабылдады. Қарағандыдағы “Шахтер” стадионында өткен ойын 7:0 есебiмен немiстердiң пайдасына шешiлдi. Ойынның 8-минутында есеп ашқан қонақтар бiрiншi тайм түгесiл­генше нәтиженi 0:3-ке жеткiздi. Екiншi таймда 4 гол тоғытты.
Германия құрамасы жетi рет Еуропа чемпионы атанып, әлем кубогын екi мәрте ұтқан. Атағынан ат үркетiн немiстерге қалай қасқайып қарсы тұрсын? Калоян Петков баптайтын ұлттық құрама келесi ойынын Швейцария қыздарына қарсы өткiзедi.
Беттi дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар