1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15740) 18 қыркүйек, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 қыркүйек 2012
Кемтар теннисшi паралимпиадан үмiт үзбейдi

Қолы кемтар теннисшi Азамат Оразбек 2013 жылы өтетiн Азиадаға дайындалып жатыр. Лондондағы паралимпиадаға қатысуға қазақстандық теннисшiлер жолдама ала алмады.

Азамат Оразбек – тiрек-қозғалыс жүйесi зақымданған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың 10 сынып оқушысы. Алайда ол оқу басталғалы сабаққа бармапты. Өзiнiң айтуынша, оқу жылының басында медкомиссиядан тексеруден өткен кезде жүрегiнен бiр ақау тауыпты.
Теннисшi жазғы демалысын Қызылорда облысындағы Жаңа­қор­ған ауылында тұратын нағашы атасы мен әжесiнiң қолында өткiзiптi. Анасы үш баласымен бiрге әлi Алматыда тұрады. Баланың ересегi – осы Азамат. Анасы “Атакент” көрме орталығында еден жуады. Басқа әйелге кетiп қалған әкесi бала-шағасына сол бетi қайтып оралмапты.
Азамат Оразбектiң айтуынша, ол паралимпиадаға дайындық барысында өзi қатысқан жарыстардың бәрiнде жеңiптi. Ал Лондонға қаржы жоқтықтан бара алмай қалыпты. Алматылық паралимпиадашылардың бапкерi Зоя Ананьева паралимпиадаға алматылық бiрде-бiр теннисшiнiң бармағанына қынжылады:
– Бiздiң балалар соңғы үш-төрт жыл бойы республикада алдыңғы орынды бермей келдi. Үзбей жаттығып, спорт шеберi атағын алып, республикалық чемпионатта жеңiп жататын балалар лицензия алуға келгенде халықаралық жарыстарға қатысуға лайық болмай қалады. Үстел теннисiнен республикалық жарыстар үнемi өтiп жатса да, пара­лимпиадашыларды халықаралық жарыстарға қатысуына неге көңiл бөлiнбейдi? Өйткенi мұндай спортшыларға ақша табылмайды. Олар мұндай балалардың жетiс­тiкке жететiне сенбейдi, шетқақпайлайды, – дейдi бапкер. Алматылық паралимпиадалық суға жүзушiлердiң жаттықтырушысы Аркадий Тихонов оқушысы Азамат Оразбек паралимпиадада жүзуден өтетiн жарысқа қатысу үшiн барар деп үмiттенгенiн айтады:
“Соңғы үш-төрт жыл қатарынан Қазақстан бiрiншiлiктерiнде жеңiп жүрген алматылық теннисшi пар­алимпиадашылар нелiктен Лондондағы жарысқа бармады?” деген сауалға Қазақстанның паралимпиа­да комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатовтың көмекшiсi Ғалым Бал­қанаев жауап бердi. Оның айтуынша, “бұл арада комитеттiң еш кiнәсi жоқ”.
– Олар квалификациялық iрiктеуден өткен жоқ қой. Бiздiң кiнәмiз не? Бұл – халықаралық пар­алимпиадалық комитеттiң құзырымен шешiлетiн мәселе. Квалификациясы болмағандықтан, олар лицензия алмады, – дедi Ғалым Балқанаев.
 
Құрметтi оқырман! Азаттық мақалаларының толық нұсқасын azattyq.org сайтынан оқи аласыздар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар