1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 65 (15731) 21 тамыз, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 тамыз 2012
Саңлаққа құрмет. Ильин – құрметтi доктор

Өткен сенбiде Сыр елi Лондон олимпиадасында өнер көрсеткен перзенттерiне сый-құрмет көр­сеттi. Ел саңлақ ұл-қыздарын ұлықтады, тұманды Альбионға аттанған 5 спортшыны жерлестерi төбесiне көтердi. Әдеттегiдей қошемет-құрмет әуежайдан басталды. Жиналған жұртшылық осыдан төрт жыл бұрынғы Бейжiң олимпиадасынан зiлтемiршi Ильяның алтынмен оралған сәтiн еске түсiрiп жатты.

Олимпиадашылар әуежайда баспасөз құралдарының өкiлдерi үшiн арнайы баспасөз мәслихатын өткiздi. Илья үш мәрте Олимпиада чемпионы атануды көздейдi. Өзiнiң жеңiс тұғырынан көрiнетiнiне бек сенiмдi болғанын айтқан ол қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға ризашылығын жет­кiздi. Темiр көтеру үшiн қара күш аздық етедi. Қай уақытта да сенiм қажет. Ильяның зiлтемiрдi қалай бағындыратынын бiлемiз. Тiл-көзiмiз тасқа, өзгелердей ойланып-толғанып жатпайды, сенiмi мығым, бар өнерiн қас-қағым сәтке сыйдырады. Әу бастан, бала кезден қалыптасқан қасиет бұл.

Лондон олимпиадасының қола жүлдегерi Марина Вольнова “бокс­пен шұғылдану қыздарға қол емес” деген пiкiрмен келiспейтiнiн айтты. Өзiң сүйген спортты жаныңа серiк ету айып емес, тек оны алып жүру маңызды. Маринаның қадамы қуантады, алғашқы Олимпиадасында қоржынға қола салды. Ендiгi арманы – алтын.

Жүздерi жарқын, шат-шадыман олимпиадашыларды күтiп алу, марапаттау шарасы өте әсерлi ұйымдастырылды. Зiлтемiршiлер Илья Ильин, Алмас Өтешов, Александр Зайчиковтер, боксшы Марина Вольнова, балуан Дәулет Ниязбеков, жеңiл атлет Виктор Лептиков жерлестерiнiң ыстық ықыласы мен қошеметiне бөлендi.

Лондон олимпиадасында ел намысы үшiн тер төккен сырбойылық саңлақтарды ұлықтау шарасы автошеруге ұласты. Соңынан Қызылорданың Орталық алаңында салтанатты марапаттау рәсiмiнiң шымылдығы түрiлдi. Мерекелiк кеште облыс әкiмi Болатбек Қуандықов Илья Ильинге және бапкер­лерiне 75 млн. теңгенiң сертификатын табыстады. Ал Марина Вольноваға “Рено” маркалы темiр тұлпарды сыйға тартты. Ауыр атлет Алмас Өтешов пен балуан Дәулет Ниязбековке – 1 млн. теңгеден, ал зiлтемiршi Александр Зайчиков пен жеңiл атлет Виктор Лептиковке 300 мың теңгеден сыйақы берiлдi.

Сондай-ақ қыз-жiгiттердi ауыр атлетикаға баулып жүрген, бапкер Вилорий Пакке аймақ басшысы облыс орталығынан үш бөлмелi пәтердiң кiлтiн табыс еттi. «Бәре­келдi!» дедiк! Бағы мен бабы қа­тар шапқан спортшылар мен бапкерлер еңбегi осылайша елендi.

Лондонға осы облыстан аттан­ған 5 атлеттiң 4-еуi – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнiң түлегi. Шәкiрттерi шыңға көтерiлгенге кiм қуанбасын?! Марапаттау рәсiмiнде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры Абайбек Жүнiсов Илья Ильинге денешынықтыру және спорт докторы құрметтi дәрежесi берiл­генiн жария еттi.

Алдағы уақытта облыс орталығынан екi дүркiн Олимпиада, үш дүркiн әлем чемпионы Илья Ильин атындағы олимпиадалық спорт кешенi ашылмақ. Бұл жаңалық әр­бiр сырбойылықты қуантып тастады.

Нағымжан САУЯЕВ, Қызылорда қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар