1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15723) 19 шілде, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 шілде 2012
Мәуленнiң қола медаль алғанына 16 жыл болыпты

ХХХ жазғы олимпиада ойындарына балуандардың iшiн­де Саржан Жақсыбеков баптайтын еркiн күрес құрамасы толық қатысады: 55 келiде Дәулет Ниязбеков, 60-та Дәурен Жұмағазиев, 66 келiде Ақжүрек Таңатаров, 74-те Абдулхаким Шәпиев, 84-те Ермек Байдуа­шев, 96 келiде Таймураз Тигиев, 120 келiде Дәулет Шабанбай.

1996 жылы Атланта олимпиадасында еркiн күрес балуандарын Аманжол Бұғыбаев бастап барып, Мәулен Мамыров 52 келiде қола жүлдегер атанған-ды. Әлемнiң жетi дүркiн чемпионы болгар Йордановпен жартылай финалда белдесiп,   төрешiлердiң болгарга бұра тартуына байланысты жол берiп, қола жүлде үшiн күресте түрiк Метин Топақтасты тулақша илеген едi.
Мiне, содан берi 16 жыл өттi, еркiн күрестен бiрде-бiр қазақ баласы Олимпиада ойындарының жүлдесiн кеудесiн­де жарқырата алған жоқ. 2000 жылы Сидней олимпиадасында Мамыров 54 келiде белдесiп, 6-орынды мiсе тұтты.
2004 жылы Афины олимпиадасында Бауыржан Оразғалиев 55 келiде 21 балуанның арасында 19-сатыға тұрақтады. 2008 жылы ол 60 келiде белде­сiп, бiрiншi айналымда-ақ жауырыны жерге тидi.   Бейжiң олим­пиадасында Жасұлан Мұхтарбекұлы 55 келiде күре­сiп, алғашқы айналымда өзбек балуанынан өте алмай, 12-орын алды.
Керiсiнше, қаны қазақ болмаса да ел намысы үшiн күрескен Ислам Байрамуков Сиднейде күмiс жүлдегер болды, Афины олимпиадасының финалдық белдесуiнде ресейлiк Бувайса Сайтиевтен жығылып, Геннадий Лалиев күмiс медаль иелендi. Бейжiң олимпиа­дасында Таймураз Тигиев – күмiс, Марид Муталимов қола жүлденi қоржын­ға салды. 
Олимпиадаға толық құрамда барған жақсы-ақ, бiрақ топтанып жүрiп, бiр қазақ баласының мойнына медаль iле алмай қайтсақ, елдiгiмiзге тағы сын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар