1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15710) 5 маусым, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 маусым 2012
«Азуды» армяндарға да батыра алсақ...

Мирослав Беранек баптайтын ұлттық құрама биылғы жылдағы кездесуiн жеңiспен бастады. Алматыдағы “Орталық стадионда” ұлттық құрама Қырғызстан футболшыларымен жолдастық кездесу өткiзiп, жеңiске жеттi.

Алаңдағы бас қазы Олим Талибжановтың (өзбекстандық) ысқырығы естiлiсiмен, бiздiң жiгiттер алаңдағы басымдықты өз қолдарына алды. Команда капитаны Нұрдәулетов 2-минутта-ақ есеп ашып, алматылықтарды бiр желпiнтiп тастады. Екiншi голды да бiздiң футболшылар көп күттiрмей тоғытты. Дәуренбек Тәжiмбетов 11-минутта нәтиженi еселедi. Қырғыздар екi гол жiберiп алған соң ғана жинақы ойын жүйесiне көштi. Өзiмiзден әлеуетi де, дәреже-деңгейi де әлдеқайда төмен қырғыздарды iрi есеппен ұтатынымызға бек сенiмдi болды ма, екi гол соғылған соң, қорғаныстағылар арқаны кеңге салды. Байматовтың 26-минуттағы соққан голы осы қорғаушылардың бейқамдығынан болды. Алаң жиегiнен қақпа алдына қарай әуелете асырылған допты Нұрдәулетов пен Логвиненко бөгей алмай, Байматов есеп айырмасын қысқартып кеттi. Дәуренбек Тәжiмбетов 30-минутта нәтиженi 3:1-ге жеткiздi. Қырғыз футболшылары да iрi есеппен ұтылмауға бекiнiп, қалысқан жоқ. 34-минутта олар екiншi голын соқты. Алайда Шәрiповтiң осы голы қырғыз футболшыларының жолдастық кездесудегi қорытынды голы болды. Есесiне Нұрдәулетов 57-минутта пенальтиден нәтиженi 4:2-ге жеткiзсе, Тәжiмбетов 90-минутта өзiнiң үшiншi голын соғып, жолдастық кездесуге нүкте қойды.
Жеңдiк деп желпiнiп, көңiлiмiз тоқ. Дегенмен ФИФА-ның рейтингiнде бiз 137-сатыда келемiз, ал қырғыздар 195-орында тұр.
Қырғыздарға қарсы ойында ұлттық құрамада 8 қазақ баласы ойнады. Дәуренбек Тәжiмбетов 14 жылдан берi көмескi тартып, жанкүйер жанарынан көшiп бара жатқан хет-триктi жаң­ғырт­ты. Елiмiздiң ұлттық құрамасы соңғы 14 жылда өткiзген ойындарында бiрде-бiр футболшы әр ойында үш гол соға алмай келген болатын. Тек 1998 жылы өткен жазғы Азия ойындарында Лаос құрамасына қарсы кездесуде Виктор Зубарев  бiр ойында үш гол соққан едi. Содан берi қазақ жанкүйерлерi ұлттық құрама футболшыларынан осындай нәтиже күтiп жүрген.
Жамбыл Көкеев ұлттық құрама жейдесiн 25-рет кидi. Ал “Ордабасы” клубының қақпашысы Бекбаев алғаш рет құрама сапына ендi.
Бүгiн ұлттық құрама Ереванда Армения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiзедi. Армяндармен болатын кездесуде бас бапкер жастардан гөрi тәжiрибесi толысқан футболшыларға үмiт артары сөзсiз. Мәселен, Қырғызстан құрамасына қарсы ойында негiзгi құрамда алаңға шыққан қақпашы Бекбаев армяндарға қарсы кездесуде орнын Сидельниковке босатып беруi мүмкiн.
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар