1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15710) 5 маусым, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 маусым 2012
Иiнi қатты екен

Алматыдағы “Достық” спорт кешенiнде күрес түрлерiнен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Елiмiздiң бал­уандары төрт күнге созыл­ған құрлық бiрiншiлiгiнде ел абыройын асырып, жүлдеге қол жеткiздi. Дегенмен Азия құрлығында бiздiң балуандардың жолын көбiне-көп иран спортшылары бөгедi. 

Еркiн күрес балуандарынан 50 келiде Владимир Кудрин кiлемге бiрден ширек финалдан шықты да, алдымен   жапон Такаки Кио­хи­дi жықты, жартылай сында үндi Деви Сингтi тiзерлеттi де, финалға жеттi. Азия чемпионы атағы үшiн Владимир иран балуаны Халилебат Хамидпен белдесiп, жеңiске жеттi. Былтыр жасөс­пiрiм­дер арасында әлем чемпионы атанған Кудрин Азия құрлығында да өзiнен әлеуетi жоғары балуан жоқ екенiн Алматы кiлемiнде дәлелдеп бердi.
55 келiде Азамат Шағапұлы қырғыз Әлiбек Ташматовты айқын басымдықпен ұтты да, ширек сында моңғол балуаны Бат-Ердене Минхбатты жықты. Жартылай финалда иран Сайф Салман Аль-Сайдты жеңдi. Азия чемпионы атағын жапон Такахаши Юкимен сарапқа салып, екi балуан да итжығыс түстi. Төрешiлер белдесуде Азаматтың белсендiлiк танытқанын айтып, алтын медаль елiмiзде қалды. 
Мейiржан Әшiров (60 келiде) алғашқы айналымда өзбек Мұхамедсадық Жораевты еңсерiп, ширек сында моңғол балуаны Туменбилек Тувшиндi ұтып, жартылай сында иран балуаны Дангесараки Арашпен жолы түйiстi. Мейiр­жанның меселiн осы Араш қайтарып, жерлесiмiз қола жүлденi мi­се тұтты.
66 келiде жеребе Болат Са­қаев­қа қол болып, ол чемпионатты бiрден ширек финалдан бастады. Ауған балуаны Бабадан Ахмадимен кiлем үстiнде алысып, көп күшiн сарқи қойған жоқ, айқын басымдықпен ұтты.    Жартылай фи­налда моңғол Гантулга Идер­худi жықты. Финалдық бәсекеде иран балуаны Жабали Әлиасқардан өте алмай чемпионаттың күмiс жүлдесiн мiсе тұтты.
74-те Әбубәкiр Торғаев үндi балуаны Депакты алғашқы айналымда жарыстан ығыстырып, ширек сында өзбек Икрам Ержановты жықты. Жартылай финалдық бәсекеде қырғыз Бекжан Мейiр­беков те Әбубәкiрдiң екпiнiне төтеп бере алмады. Азия чемпионы атағы үшiн финалдық белдесуде иран Шафизад Әли де қазақ балуанына жол бердi.
84 келi салмақта Ералы Әб­дiра­шев алғашқы айналымда жапон Ямахар Кентаны жыққан, алайда ширек финалдық белдесуде иран балуаны Ибрахим Мұ­хаммаджабадтан ұтылып қалды.             
96 келiде Iңкәр Ермұхамед ширек финалда қырғыз балуаны Сайытқұлов Әлiшербектi айқын басымдықпен ұтып, жартылай сында үндi спортшысы Юдвирдi тiзерлетiп, финалда азулы иран балуанын жығып кеттi. Зандих Ежан да Iңкәрдiң тегеурiнiне тө­теп бере алмады.
120 келi салмақта ел намысын Олег Болтин қорғаған. Ауыр салмақта балуандар аз болғандықтан, чемпионат бiрден ширек финалдан басталды. Олег алғашқы белдесуiнде өзбек алыбы Асломбек Гадуевтi сан соқтырды, артынша үндi балуаны Сатендерден ұтылып, қола жүлдеге таласта қырғыз Бағрат Мұсаевты ұтты.
Жалпы командалық есепте Манарбек Қыстаубаев баптайтын еркiн күрес құрамасы 4 алтын, 1 күмiс, 3 қола медаль еншiлеп, командалық есепте алға тек иран балуандарын жiберiп алды. Ирандықтар Азия чемпионатынан 4 алтын, 3 күмiс, 1 қола жүлде еншiлеп қайтты.
Ендi Нұрым Дүйсенов баптайтын грек-рим күресiнен сынға түскен балуандар Азия чемпионатында қалай белдескенiне келсек.
50 келi салмақта Асқар Сәлтебаев жарады. Иран балуаны Ашхан Голихианды, кәрiс Хуок Джиндi жығып, финалда қырғыз Оскомбай Әбдiбатаевты ұтты.
55 келiде Дастан Өскенбеков жартылай финалға дейiн сүрiнбей жеткенiмен, өзiнен зор шыққан иран балуаны Мардани Мезрдадқа есе жiбердi. Мардани Алматыдан Азия чемпионы атанып қайтса, Дастан қола жүлдеге қол жеткiздi.
60 келi салмақта Данияр Қале­новтiң де жолы жартылай финалда бөгелдi. Ол өзбек балуаны Бобурбек Золубодиновтен ұтылып, қоланы мiсе тұтты.
66 келi салмақта Жәнiбек Қандыбаев қанжығасын қандай алмады. 2010 жылы Сингапурде өткен жасөспiрiмдер арасындағы Олимпиаданың чемпионы атанған Жә­нiбек жастар дуында жарқырап көрiне алмады. Финалға дейiн қар­сыластарын қапы қалдырып келдi де, Азия чемпионы атағы үшiн белдесуде иран балуаны Иех­ди Зайдвандтан жеңiлiп қалды.
Алматы төрiндегi белдесуде грек-рим құрамасының қоржынына екiншi алтын медальдi Азамат Қыстыбаев салды. 74 келiде белдескен ол алдымен қырғыз Самат Ширдаковты, ширек финалда кәрiс Ким Вое Хонгты ұтты. Финалда иран мықтысы Даям Байурден де Қыстыбаевтың алдында тiзерледi.
84 келi салмақта Тимур Ташмағамбетов жартылай сында түрiкмен балуанына есе жiберiп алды да, қола жүлде үшiн күресте үндi спортшысын жықты.
96 келiде Михаил Изотовтың жолы финалда бөгелдi. 120 келiде Еркiн Шәйкенов Азия чемпионы атағын финалда иран алыбы Мехди Поршаихқа берiп қойды.
Азия чемпионатында грек-рим күресiнiң балуандары 2 алтын, 3 күмiс, 3 қола жүлдеге қол жет­кiздi.      
Жалпыкомандалық есепте топ жаруды көздеген қыздарымыз 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль иелендi.    
44 келiде Айдана Өтеғұлова iрiктеуден өте алмады. 
48 келi салмақта Кристина Яловенко алғашқы белдесуiн жапон қызына қарсы өткiзiп жеңiлдi де, чемпионаттан шет қалды. 
51 келi салмақта Аймангүл Төлеуханның да жолын жапон балуаны кестi. 55 келi салмақта Юлия Одиненко жарысқа ширек финалдан қосылған, алайда қырғыз қызы Айша Әкпаровадан ұтылып, жүлдеден қағылды.
59 келiде Аяулым Қасымова қоржынымызға қола медаль салды. Iiрiктеу кезеңдерiнде қарсыласының жоқтығына байланысты, чемпионатты бiрден жартылай финалдан бастаған Аяулым үндi балуаны Поджа Дандадан ұтылып қалды. Қола жүлде үшiн күресте қырғыз Бурыл Алықұлованы алып ұрды.
63 келiде Екатерина Ларионова чемпионаттың күмiс жүлдесiн иелендi. Былтыр жасөспiрiмдер арасында өткен әлем чемпионатында қарсыластарын қоғадай жапырған Екатерина финалда ентiгiп қалды. Ширек финалда тайландтық Жен Вен Лингтi ұтып, жартылай финалда кәрiс қызы Жен Ион Сунды жеңгенiмен алтын медаль үшiн айқаста үндi балуаны Малик Сакшиге есе жiбердi.  
67 келi салмақта Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатын алғаш­қы айналыммен қорытты. Қытай қызы Ли Жингнигпен белдесiп, жеңiлуге мәжбүр болды.
72 келiде Эльмира Сыздықова Азия чемпионы атанды. Ол өзiнiң салмағындағы үш балуанды – өзбек Халниса Хамраеваны, жапон Иоши Тамайды, үндi қызы Киранды жықты.
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар