1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15705) 17 мамыр, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 мамыр 2012
Жарысқа шық, жанұялық команда!

Мамыр айының 26-27-сi күндерi Астана қаласындағы “Алатау” спорт кешенiнде жанұялық шағын футболдан “Бiр атаның балалары футбол ойнайды” деген атаумен республикалық жарыс өтедi.

Естерiңiзде болса, осындай атауды иеленген жарыс бiраз жылдар дәстүрлi түрде өткiзiлiп тұрды. Тiптi бұл жарыста республиканың әр аймағынан 60-қа жуық команда бақ сынап, нөмiрi бiрiншi спорт түрiнiң көрiгiн қыздыратын. Бұл жарыстың негiзгi мақсаты – әрбiр жанұяда спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бiрлiк, отбасына құрмет және елдiк патриотизмге тәрбиелеу. Өкiнiшке қарай, соңғы 7-8 жылда белгiлi себептерге байланысты бұл жарыс уақытша тоқтап қалған бо­л­атын. Сол үрдiс биыл қайта жал­ғасын тауып, турнирдiң бойына қайта қан жүргелi тұр.
Турнирдiң өткiзiлетiн уа­қытына дейiн әлi бiраз уақыт бар. Сол себептi оқырмандарымызға айтарымыз, бiздiң редакциямызға турнирге қатысатындықтарыңыз жайлы хабар жiберулерiңiзге болады. Онда мекенжай, телефон түгел көрсетiлуге тиiс. Турнирге жiберiлудiң басты шарты әр команда осы “Sport” немесе орыс тiлiндегi “Спорт” газетiнiң бес данасын бiр жылға жазғызып алулары керек. Жарысқа осылайша жолдама алуға болады. Егер газетке жазылғандығы туралы түбiртектi әкелмеген жағдайда команда жарысқа жiберiлмейдi. Команда құрамына шек жоқ. Тек ойыншылардың фамилиялары бiрдей болулары керек. Яғни, атасы, баласы, немересi, шөбересi, т.с.с. Жиендердiң командаға кiре алмайтынын ескертемiз. Олар өз аталарының командасын құра алады. Тағы бiр атап өтерлiк жайт, командаға қыз баланы қосамын десе қарсылық жоқ. Егер бiр баланың фамилиясы өзге боп жазылса, дәлелдеушi құжаттар арқылы ол баланы командаға қоса аласыздар. Алаңда төрт адам, қақпада бiр адам командада бес адам ойнайды. Жеребе тарту рәсiмi 25 мамыр күнi өтедi.
Қадiрмендi футболсүйер қауым, жанұялық шағын футбол жарысынан шет қалмаңыздар. Асығыңыздар!
Жарыстың салтанатты ашылуы: сағат 12.00-де. Жеребе тарту рәсiмi 25 мамыр күнi “Алатау” спорт кешенiнде сағат 19.00-де өтедi.
Телефондар: 8(7172) 57 79 23, факс: 8(7172)577914.
E.mail: sport.59@mail.ru “Sport” газетiнiң
Редакциясы
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар