1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 мамыр 2012
Спорт ақпарат

ЕКПIНIМIЗ БӘСЕҢ

Әлемдегi айтулы вело бәйгелердiң бiрi – “Джиро д’Италия” көпкүндiгiнiң екiншi кезеңiнде британиялық Марк Кавендиш жеңiмпаз атанды. 206 шақырым жолды өндiрген велоспортшылар арасынан суырылып, мәреге бiрiншi жеткен Марктың iзiн ала Мэтью Госса келсе, үшiншi орын Джеффри Сипке бұйырды.
Ал “Астана” клубының мүшелерiнен екiншi кезеңде итальяндық Паоло Тиралонго ғана алдыңғы топтың арасында жеттi. Ол бұл кезеңдi 29-орынмен түйiндесе, елордалық клубтың қалған мүшелерi қою шаңнын арасында қалды.
 
МАҢДАЙҒА ЖЕҢIЛУ ЖАЗЫЛЫПТЫ
Хоккейден әлем чемпионатында қатысып жатқан елiмiздiң ерлер құрамасы екiншi ойындарында да жеңiлiске ұшырады. Андрей Шаянов баптайтын құрама Франция хоккейшiлерiне 3:6 нәтижесiмен жол бердi.  
Әлем чемпионатының алғашқы ойынында жерлес­терiмiз Швейцария құрамасынан 5:1 есебiмен ұтылған болатын. Француздар беташар ойынды АҚШ құрамасына қарсы өткiзiп, 2:7 есебiмен күйрей жеңiлген. Есесiне, жеңiлiстен сабақ алып, қазақ елiнiң хоккей­шi­лерiне қарсы ойында жинақылық танытты. Дегенмен Талғат Жайлауов бастаған бiздiң жiгiттер француздармен тең дәрежеде ойнаған. Тек соңғы 9 минут iшiнде қарсыластар үш шайба енгiзiп, жеңiстi жұлып әкеттi.
 
МҰНАЙШЫ МЕН МҰНАЙШЫ...
Астанада алғаш рет мұнай өндiрушi компания қыз­меткерлерiнiң арасында спорт түрлерiнен сайыс өттi. Мұнайшылардың I спартакиадасына Атырау, Маңғыстау, Қызылорда қалаларынан келген 350-ден аса мұнайшы қатысты.
Үш күнге созылған сайыс спорттың футбол, волейбол, жүзу, баскетбол, үстел теннисi, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазақ күресi және эстафеталық жүгiру түрлерiнен ұйымдастырылды. 
Спартакиада қорытындысында жалпыкомандалық есепте “Өзенмұнайгаз” компаниясының мұнайшылары I орынды иелендi. II орынды жаңаөзендiк мұнайшылар еншiлесе, спартакиаданың қола медалi “Қазгермұнай” ЖШС-ның құрамасына бұйырды.
 
ЖОЛДАМА ТҮГЕЛ ЕМЕС
Лондон олимпиадасына елi­мiздiң күрес түрлерiнен құрамалар арасында тек еркiн күрес балуандары ғана толық құраммен қатысса, грек-рим мен қыздар күресiнен бiр-бiр жолдама жоқ.
Жолдама үшiн белдесудiң соңғы сыны   Хельсинкиде өт­кен-дi. Грек-рим күресiнен Мұратбек Қасымханов баптайтын ұлттық құрамада 55 және 96 келi салмақта жолдама жоқ болатын. Мақсат Кәрiшалов Хельсинки кiлемiн­дегi алғашқы белдесуiн украин балуанына қарсы өткiзiп, жеңi­лiс­ке ұшыраса, 96 келiге ауыс­қан Алхазур Өздиев те бiрiншi бел­десуiнде литвалық Миндаугас Эзеркиске есе жiберiп, Олимпиа­да жолдамасынан қағылды. Демек, Лондон төрiнде грек-рим күресiнен балуандарымыз 7 салмақтың 5-еуiнде белдеседi.
Қыздарымыз да 4 салмақтың 3-еуiнде белдесетiн болды. Финляндияда өткен соңғы iрiктеуде Айым Әбiлдина да (55 келi) iркiлiп, алғашқы айналымнан аса алмады. Оның жолын молдовалық Людмила Криста бөгедi.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар