1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 мамыр 2012
Аршавин мен Семшов Ресейдiң жеңетiнiне сенiмдi

Ресей құрамасының белдi ойыншылары биылғы Еуро-турнирде төрт жыл бұрын жеткен жетiстiкте­рiнен асып түсудi жоспарлап отыр. Олар бұған бiздiң күш жiгерiмiз жеткiлiктi дейдi. Ал команданың бас бапкерi Дик Адвокат футбол жарысынан кейiн орнынан кететiнiн мәлiмдедi. Андрей Аршавин UEFA.com веб-сайтына: “Ресей құрамасы 2008 жылғы Еуропа чемпионатында көп тәжiрибе жинады. Және сол тәжiрибелi ойыншылардың көбi биылғы Еуро-турнирге барады. Сондықтан осы додадан үлкен үмiт күтемiн” деп мәлiмдедi.

 Аршавин Австрия мен Швейцарияда өткен Еуропа чемпионатында алдыңғы ойында ескерту алуына байланысты топтық кезеңнiң екi ойынына қатыспаған едi. Дегенмен кейiн Швеция мен Голландия құрамаларымен арада болған кездесулерде ерекше көзге түскен.
“Бiздiң құрамада түсiнiстiк бар. Барлық ойыншылар бiр-бiрiн жақсы бiледi. Татулықтың арқасында же­ңiске жетуге болады” дедi Аршавин.
Ал Ресей құрамасының 34 жастағы ойыншысы Игорь Семшов: “Биыл бiздiң команда төрт жыл бұрын­ғы жетiстiктi еселеуге тырысады. Және оған шамамыз жетедi. Құрамада негiз бар. Гус Хид­динктiң орнына келген Дик Адвокат та ойыншыларға сенедi” дедi. UEFA.com веб-сайтына сұхбат берген Семшов “Еуропа бiрiншiлiгi Ресейге көршi екi елде өтедi. Бұл да бiздiң жеңiсiмiзге септiгiн тигiзiп қалар” деп те ырымдайды.
Дегенмен, Ресей құрамасының бүгiнгi бас бапкерi Дик Адвокат биылғы Еуро-турнир аяқ­тал­ған соң қызметтен кететiнiн мәлiмдедi. Ол Ресей футбол федерациясымен келiсiм шартының уақытын созудан бас тартып отыр.
“Еуропа бiрiншiлiгiнен кейiн мен жұмыстан кетемiн. Себебiн қазiр айта алмаймын. Мәселе ақша да емес. Басқа жоспарларым бар. Дегенмен бұл мәлiмдемем биылғы чемпионат дайындығына еш әсер етпейдi деп ойлаймын” деген 64 жасар голландиялық маман.
Ал Ресей футбол федерациясының президентi Сергей Фурсенко Адвокаттың шешiмiне қатысты: “Диктiң бұл – өз құқығы. Оның шешiмiне түсiнiстiкпен қараймыз. Дегенмен оның бұл сөзi бiздiң құраманың Еуро-турнирдегi ойынына керi әсер етпес” дедi. Бас бапкер Еуропа чемпионатына баратын Ресей құрамасының тiзiмiн осы аптаның аяғында жария етпек.
Адвокат бұған дейiн Голландия, Оңтүстiк Корея құрамаларын, ПСВ (Нидерланды), “Рейнджерс” (Шотландия) және “Зенит” (Ресей) командаларын жаттықтырған. Ресей құрамасының бас бапкерi болу үшiн жергiлiктi футбол федерациясымен 2010 жылғы мамырдың 17-i “2+2” (алдымен екi жыл жұмыс iстеп, кейiн келiсiмшартты тағы да екi жылға созуға мүмкiндiк беретiн әдiс) жүйесi бойынша келiсiмшарт жасасқан. Дик Адвокат алдына қойылған мақсатты орындап, Ресей құрамасын iрiктеу кезiнде еуро-турнирге алып шықты. Ресейлiктер Еуропа бiрiншiлiгiнiң топтық кезе­ңiн­де Чехия, Польша, және Грекия­мен ойнайды.
 
Қадiрлi оқырман, мақалаларды azattyq.org сайтынан оқып, пiкiр бiлдiре аласыз. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар