1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (15696) 17 сәуір, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 сәуір 2012
Екеуi де үздiк

Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы ауыр атлеттердiң әлемдiк рей­тингiн жариялады. 94 келi салмақта үш дүркiн әлем чемпионы Илья Ильин көш басында тұр. 77 келi салмақта Кирилл Павлов та үздiк ондыққа енiптi. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының түзуiнше, 85 келi салмақта Владимир Кузнецов 12-сатыға орнығыпты.

Есесiне әлемнiң ауыр атлеттерi арасында қыздарымыздың рейтингiсi жоғары. Былтыр Францияда әлем чемпионы атан­ған Зулфия Чиншанло 53 келi салмақта үздiк атанса, 63 келiде Мая Манеза екiншi сатыға жайғасыпты. Маяның алдын әзiрге тек ресейлiк Светлана Царукаева ғана орап тұр. 75 келiге дейiнгi салмақта 2010 жылы әлемнiң ең үздiк ауыр атлетi атанған Светлана Подобедованың да алдында орыс атлетi Наталья Забалотная тұр. Надежда Ногай (75 келiден жоғары) өзiнiң салмағында 8-сатыға орнығыпты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар