1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (15696) 17 сәуір, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 сәуір 2012
Жақыптың сойы жарады!

Бокстан ұлттық құрама Лондон олимпиадасына толық құраммен бара алмайтын болды. Астанада өткен лицензиялық турнирде 91 келi салмақта Василий Левит жартылай финалда сириялық Мохаммед Госсоунге есе жiберiп, Лондон олимпиадасының жолдамасынан қағылды.

49 келi салмақта Бiржан Жақып күллi қазақ артқан сенiмдi абыроймен арқалап, Олимпиаданың жеңiл салмаққа бөлiнген жалғыз жолдамасын иелендi. Әлем чемпионатының қола жүлдегерi, ұлттық құрамадағы тiсқаққан боксшылардың бiрi – Бiржан былтыр Бакуде сүрiнгенде екiұдай пiкiр де айтылды. “Жақып шау тарта бастады, ендi орнын жастарға босату керек” дейтiндердiң де қатары көбейген тұста боксшы бәрiнiң аузына құм құйды. Бiржан үшiн Лондон рингi кемелiн көрсететiн сын болмақ. Жасы 28-ге шыққан боксшының 2016 жылы өтетiн Олимпиа­даны күтпейтiнi айдан анық.
Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрама Лондонға тоғыз салмақ дәрежесi бойынша қатысады. Бүгiнде құрама Үн­дiстан боксшыларымен бiрлес­кен оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп жатыр. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар