1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15692) 3 сәуір, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 сәуір 2012
Етекте тұрып биiктi қомсынып едiк

“Астана арландары” Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) биылғы маусымындағы сапарын орта жолда аяқтауға мәжбүр болды. Жартылай финалдың қарымта кездесуiн Мәскеуде өткiзген “арландар” 0:5 есебiмен жүндей түтiлдi.

Былтырғы бiрiншi маусымда “Париж Юнайтед” клубымен финалда кездесiп, жеңiлгенде, елiмiздiң бокс федерациясының президентi Тимур Құлыбаев нәтиженi қомысынып, екiншi маусымда топ жарып, чемпион атануды “арландарға” артқан болатын. Бiрақ бәрi керiсiнше шықты, “арқа жүнiн қомпайт­қан” астаналық клуб боксшылары жартылай финалдан да аса алмады. 
54 келi салмақта бiздiң клубтың өзбекстандық легионерi Рафикжон Султонов мәскеулiк клубтың легионерi тәжiк Анвар Юнусовтың алдында тiзерледi. Бес раунд бойы басымдықты бермеген Юнусов ұпай санымен Султоновты ұтты. Бүкiләлемдiк бокс сериясының жеңiл салмақтағы рейтингiнде 6-сатыда тұрған Анварға дәреже-деңгейi әлдеқайда төмен Рафикжон еш қайрат көрсете алған жоқ.   61 келiде Ержан Мүсәпiров биылғы маусымдағы соңғы жекпе-жегiнде де жеңiлдi. Мүсәпiровтiң жолын Адлан Абдурашидов тежедi. Команда капитаны Қанат Сiләм 73 келiде Максим Газизовке есесiн жегiздi. 85 келiде Абдельхафид Беншабла Александр Гвоздикке ұпай айырмашылығымен жол бердi. Аса ауыр салмақта    Шуайб Болодинатс Виталий Кудуховтың күрзi жұдырығына төтеп бере алмайтынын алғашқы раунд­та-ақ байқатты. Екi мәрте нокдаун алған     Шуайбтың шамасы әрiге жетпей жеңiлiс тапты.
Биылғы маусымда финалға итальяндық клуб пен ресейлiктер шықты. Милан мен Мәскеу қаласының клубы чемпиондық мәртебе үшiн сынға мамыр айында (Лондонда) түседi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар