1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15692) 3 сәуір, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 сәуір 2012
5 жолдама бiздiкi

Астанада күрес түрлерiнен Лондон олимпиадасының лицензиялық турнирi аяқталды. 21 елдiң балуандары үш күн бойы жүлде мен жолдама үшiн белдестi. Тек финалға шыққан спортшы Лондонға баратын болғандықтан бұл турнирге Азияның белдi балуандары қатысты.

Елiмiздiң үш құрамасы үш күнгi белдесуден 5 жолдама олжалады.
Грек-рим күресiнен 55 келiде Асхат Құдайбергенов ирандық Хамид Сориан­ға (5 дүркiн әлем чемпионы) жол берiп, қола жүлденi мiсе тұтты. Есесiне, Дархан Баяхметов жарады. 66 келi салмақта ол топ жарып қана қоймай, жолдаманы иелендi. Даниял Гаджиев 84 келi салмақта қарсыластарының бәрiн жығып, жолдамаға қол жеткiздi. 96 келiде Марғұлан Әсембеков лицензиялық турнирдiң алғашқы белдесуiнде үндi бал­уанынан басым түскенiмен, екiншi ай­налымда жапон спортшысына жол бердi.
Еркiн күрес балуандары Астана кiлемiнде екi жолдамаға қол жеткiздi. 66 келi салмақта Ақжүрек Таңатаров финалда өзбек балуанына жол бергенiмен, жолдама иелендi. 84 келiде Семен Семенов iрiктеу кезеңiнен аса алған жоқ. 120 келi салмақта Марид Муталимов финалда екi дүркiн олимпиада чемпионы өзбекстандық балуан Артур Таймазовқа есе жiбердi.
Саржан Жақсыбеков бапкерлiк ететiн қыздар құрамасы Лондон олимпиадасына бұған дейiн 2 жолдама ал­ған болатын. Спорт бәсекесiне толық құрамда бару үшiн қалған екi жолдама (Лондонда қыздар төрт салмақ дәрежесi бойынша белдеседi) иеленуi тиiс едi. Өкiнiшке қарай, 55 келiде Айым Әбiлдина екiншi белдесуiнде үндi балуанына жол бердi. 63 келiде Бейжiң олимпиадасының қола жүлдегерi Елена Шалыгина барлық қарсыласын тiзерлетiп, жолдама санын арттырды.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар