1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15692) 3 сәуір, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 сәуір 2012
Тiзгiндi “Тараз” алды

1 сәуiрде елiмiздiң 7 қаласында ел чемпионатының 4-тур ойындары өттi. Әр ойында үш ұпайдан олжалап келе жатқан әулиеаталықтар өзгелерден ұзап алды. Тараз қаласында өткен ойын­да жал­ғыз голды “Ақтөбе” қақпасына Лечич (85 минутта) соқты.  

Керекуде жергiлiктi “Ертiс” пен “Атырау” арасындағы ойында есеп ашылған жоқ.
Кеншiлердiң “Шахтерi” талдықор­ғандық “Жетiсу” клубын iрi есеппен ұтты. Бас қазы Рахымбаевтың ысқырығынан кейiн-ақ “Шахтер” шабуылға бiрден бас қойды. Ойынның 8-минутында Джидич есеп ашқан соң, Каньяс 23-минутта нәтиженi еселедi. Жетiсулықтар тек 41-минутта ғана гол соқты. Нұрғалиевтiң голынан кейiн есеп айырмасы қысқарған, бiрақ алаң иелерi басымдықты уыстан шығармай, Финонченко – 42, Каньяс – 48, 70-минуттарда есептi 5:1-ге жеткiздi.
Алматының Орталық стадионында өткен “Қайрат” пен “Астана” арасындағы ойын 0:2 есебiмен қонақтардың пайдасына шешiлдi. Гридиннiң 63-минутта соққан голын Остапенко 73-минутта еселедi.
Қостанайдың “Тобылы” көш соңындағы көкшетаулық “Оқжетпестi” 3:1 есебiмен тiзерлеттi. Богданов – 35, Джоннес – 67, Куртиши – 70-минутта есептi 3:0-ге жеткiзген. 89-минутта Михайлюк бiр гол соққанымен, командасына еш көмек болмады, жеңiс алаң иелерiне жазылды.
Орал қаласында бiрiншi лигадан Премьер-лигага қосылған “Ақжайық” Қаскелеңнiң “Сұңқарымен” тең ойынды мiсе тұтты. Зеньковичтiң 61-минутта пенальтиден соққан голына Адамович 81-минутта пенальтимен қарымта қайтарып, есептi теңестiрдi.
Шымкенттiң “Ордабасы” клубы қызылордалық “Қайсарды” 1:0 есе­бiмен еңсердi. Пахолюктiң 4-минутта соққан голы шымкенттiктердiң үш ұпай олжалауына мүмкiндiк туғызды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар