1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15690) 27 наурыз, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 наурыз 2012
“ЕРТIС” топ бастады

Жексенбiде футболдан ел чемпионатының III тур ойындары өттi. Үшiншi турда да жеңiске жеткен “Ақтөбе” клубы 9 ұпай жинап, көш басына шықты.

Өз алаңында былтырғы чемпионаттың күмiс жүлдегерi “Жетiсуды” қабылдаған ақтө­белiктер аянып қалған жоқ. Сергей Степаненко қорғаған қақпаға 4 гол соқты. Ойынның 7-минутында Малетич есеп ашқан, артынша Илич 12, 37-минуттарда қос гол тоғытты. 69-минутта Лисенков нәтиженi 4:0-ге жеткiздi.
Қостанайдың “Тобылы” 2011 жылғы ел чемпионы кеншiлердiң “Шахтерiн” ұтты. Биылғы маусымда ала-құла ойындарымен жанкүйердiң көңiлiн орталап алған кеншiлердiң клубы бұл жолы да есе жiбердi. Байжановтың 20-минутта соққан голынан кейiн “Шахтер” алға озған. Бiрақ “Тобыл” қорғаушылары iргесiн бекiтiп, қорғанысын қымтай түстi. Тас бүркенiп жатып алмай шабуылды да үдеттi. Нәтижесiнде Кислицин (48-минутта) таразы басын теңестiрдi. Қорғанысы сыр бере бастаған “Шахтердiң” артқы шебiн Жолшиев екi мәрте бұзды. 57-минутта есептi 2:1-ге жеткiзген ол 87-минутта екiншi голын еншiсiне жазды.
“Астана Арена” стадионында жергiлiктi “Астана” Оралдың “Ақжайық” клубын 2:1 есебiмен еңсерiп, биылғы бiрiншiлiктегi алғашқы ұпайын қанжығаға байлады. Бұл ойында да есептi алдымен қонақтар ашты. Зень­ковичтiң 6-минутта соққан голынан кейiн Нұрдәулетов пенальтиден (38-минутта) таразы басын теңестiрдi. Нөсербаев 52-минутта нәтиженi еселедi.
“Атырауға” қонаққа барған алматылық “Қайрат” жеңiлiске ұшырады. Сараев 4-минутта, Шафф 73-минутта гол соғып, атыраулықтар 2:0 нәтижесiмен жеңiске жеттi.
Көкшелiк “Оқжетпестiң” әлi керекулiк “Ертiске” жетпедi. Иванов – 17, Кучера 19-минутта гол соқса, арада 3 минут өткенде Бидненко жаңылысып, өз қақпасына гол тоғытты. Говедарица 73-минутта төртiншi голды енгiздi. Төрт гол жiбергеннен кейiн ғана көкшелiктер бiр серпiлiп, Чегалишвили 85-минутта есеп айырмасын қыс­қартқанымен, жеңiс “Ертiс” ойыншыларының қанжығасында кеттi.
Жамбылдық “Тараздың” ек­пiнi қатты. Жеңiлiссiз келе жатқан әулиеаталықтар бұл жолы да жеңiске жетiп, Қызылордада жергiлiктi “Қайсарды” 2:1 есе­бiмен еңсердi. Исламханның 16-минутта, Перичтiң 21-минутта соққан голына қызылордалықтар жалқы голмен ғана қарымта қайтарды. Црногорацтың 36-минутта тоғытқан голынан кейiн қос команда ойыншылары нәтиженi өзгерткен жоқ.
Қаскелеңнiң “Сұңқары” шым­кенттiк “Ордабасы” клубын қа­былдаған ойында есеп ашылмады. 4 мың көрермен жиналған кездесу 0:0 есебiмен аяқталды.
Мергендер
1. Бауыржан Жолшиев, “Тобыл” – 4,
2. Эдин Юнузович, “Жетiсу” – 3,
3. Игорь Зенькович, “Ақжайық” – 3(1).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар