1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15455) 22 желтоқсан, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 желтоқсан 2009
Төменгi топта қалды

Қазақстан құрамасының 20 жасқа дейiнгi хоккейшiлерi Польшада әлем бiрiншiлiгiнiң жоғарғы тобының жолдамасын сарапқа салып, өз тобында төртiншi орында қалып қойды.

Валерий Кириченко баптайтын елiмiздiң жастары поляк жерiнде бiрiншi дивизионның В тобында өнер көрсеттi. Әлем бiрiншiлiгiне берiлетiн жалғыз жолдаманы айдын иелерiмен қатар, Норвегия, Италия, Хорватия және Беларусь хоккейшiлерiмен көкпарға салған жерлестерiмiз бес ойынның екеуiнде жеңiске жетiп, үшеуiнде тiзе бүктi. Жарыстың бiрiншi күнi жастарымыз үшiн сәттi басталды. Хорватия құрамасымен болған ойында отандастарымыз қарсыластарын 10:1 есебiмен тас-талқан еткен едi. Артынша Италия­мен айдынға шығып, 1:3 есебiмен ұтылып қалды. Бұдан кейiн жастарымыз Польша құрамасымен кездесiп, алаң иелерiнен 6:3 есебiмен басым түстi. Жоғарғы топтың жолдамасына қол жеткiзу үшiн қазақстандықтарға соңғы екi ойында жеңiске жетулерi тиiс едi. Алайда, В.Кириченконың шәкiрттерi үмiттi ақтамады. Олар Норвегия хоккейшiлерiмен болған ойында 2:4 есебiмен жеңiлсе, соңғы Беларусьпен бол­ған кездесуде 1:5 есебiмен ойсырай жеңiлдi. Әлем бiрiншiлiгiнiң жоғарғы тобына берiлетiн жолдаманы жарыс­тың соңғы күнi Норвегия мен Италия хоккейшiлерi сарапқа салып, скандинавиялық хоккейшiлер 3:0 есебiмен жеңiске жеттi. Сөйтiп, 2011 жылы Канадада жалауы көтерiлетiн әлемдiк додаға Норвегия құрамасымен қатар, екiншi дивизионның А тобында озып шыққан Германия құрамалары қатысатын болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар