1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15687) 15 наурыз, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 наурыз 2012
Гоместiң соққан голдары

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына тағы екi клуб жол тартты. Сейсенбiнiң түнiнде Италияда “Интер” мен француздың “Олимпигi” арасындағы тартыс қызыққа толы болды. Плей-офф кезеңiнiң алғашқы кездесуiнде марсельдiктер 1:0 есебiмен жеңiске жеткен-дi. Сырт алаңда оларға тең нәтиже де, тiптi 1:0 есебiмен жеңiлсе де жолдама қолда тұрған. Осыны қару еткен Дидье Дешам шәкiрттерi қорғанысқа көп күш салды. Iрi есеппен ұтпаса, Чемпиондар лигасымен қош айтысатын “Интер” ойыншылары да аянып қалған жоқ. Есеп 75-минутта ашылды. Қақпа алдындағы қапылыста “Олимпик” қақпашысы Стив Мандананың маңында жүрген Диего Милито есеп ашып, “Интер” алға шықты. Ойынның негiзгi уақыты 1:0 есебiмен аяқталғанда португалдық бас қазы Педру Проэнса қосымша 6-минут қосты. Ұшқыр уақытты ұтымды пайдаланбаққа ұмтылған “Интер” қорғаушыларын марсельдiктер қапы қалдырды. Қорғаушының көзiн арбап, алыстан шiрене тепкен Брандао таразы басын теңестiрген. 96-минутта бас қазы “Олимпик” қақпасына пенальти тепкiздi. Стандартты шабуылды Джампаоло Пацини сәттi орындап, қорытынды есеп 2:1 болды. Екi ойын нәтижесi бойынша есеп 2:2 нәтижесiмен теңестi де, “Олимпик” қонаққа келгенiнiң арқасында ширек финалға жолдама алды.

Германияда жергiлiктi “Бавария” Швейцарияның “Базель” клубын 7:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiндегi ең iрi жеңiс ретiнде тарихқа жазылған ойында “Бавария” сапынан Арьен Роббен 11-минутта есеп ашты. 42-минутта Томас Мюллер, 44-минутта Марио Гомес үшiншi голды енгiзiп, швейцариялықтарды састырды. Екiншi тайм басталғанда сол Гомес голды еселеп тоғытты. Ойының 50, 61, 67-минуттарында “Базель” қақпашысы Ян Соммердi сан соқтырған Гомес есептi 7:0-ге жеткiздi.
Кеше түнде плей-офф кезеңiнiң қарымта ойындары өттi. Мадридтiк “Реал” өз алаңында мәскеулiк “ЦСКА” клубын қабылдаса, лондондық “Челси” Италияның “Наполи” клубымен кездестi. 
 
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар