1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15681) 23 ақпан, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 ақпан 2012
Мықтыны майданда сынау керек

Бокстан Алматыда өткен “төрттiк турнирi” бокс жанкүйерлерiнiң есiнде “қап, әттеген-айымен” де қалатын болды.   Өйткенi турнирдiң үшiншi күнi 49 келi салмақта Б.Жақып пен ресейлiк Д.Айрапетянның және 52 келi салмақта I.Сүлейменов пен М.Алоянның арасындағы жекпе-жектердiң өтпей қалуы көңiлдi неше түрлi күмән мен күдiкке жетелейдi. Ал бапкерлердiң “ресейлiк боксшылар жарақаттанып қалды” дегенi жанкүйерлердi жай ғана алдау ма деп ойлайсың. Өйткенi Ресейдiң екi бiрдей мықтысының ақылдасып алғандай “жарақаттанып” қалуы ешқандай қисынға келмейдi. Өзге салмақтағы боксшылар емес, тек 49 келi мен 52 келi салмақтағы екi мықтының қазақ боксшыларына қарсы шықпауы жұмбақ күйiнде қалды.

Шындықты бiлетiндер: “Б.Жақып пен I.Сүлейменовтiң сағын сындармаудың амалы”, – дейдi. Егер осы сөз рас болса, бұл қазақ боксы мен боксшыларына жаны ашығандық емес, әйтпесе екi боксшыны Ресей мықтыларына қарсы салып, олардың әдiс-айласына қандай тосқауыл қоятынын бағамдар едi. Ресейлiк бапкерлердiң өз мықтыларын кез келген елге апара бермейтiнiн ескерсек, өкiнiшке қарай, ұлттық құрама бапкерлерi осы мүмкiндiктi уыстан шығарып алды. Бұған жанкүйерлер қауымы қалайша “әттеген-ай” демесiн?
Тұйықтан шығатын тағы бiр жол бар едi. Ол – айдарынан жел ескен Д.Айрапетян мен М.Алоянға қарсы ұлттық құрама мүшелерi Азамат Исақұлов пен Олжас Сәттiбаевты жекпе-жекке шығару болатын. Бiрақ бапкерлердiң бұған да тәуекелi жетпедi. Өйткенi Исақұлов пен Сәттiбаевтiң бiреуi болмаса бiреуi ресейлiк боксшыларды жеңiп кетсе, кейбiреулер үкiлеп отырған Б.Жақып пен I.Сүлейменовтiң атына сын айтылатыны сөзсiз.
“Кейбiреулер” дегеннен шығады, қазiр ел бапкерлерi арасында көзге көрiнбейтiн “майдан” жүрiп жатқан сияқты. Мысалға, 52 келi салмақ дәрежесiнде бапкерлердiң бiр тобы I.Сүлейменов мықты десе, екiншi қауым О. Сәттiбаев мықты дейдi. Оған екi топтың да дәлелдерi мен дәйектерi жетерлiк. Мұндайда бiрiншi нөмiрлi боксшыны қалай таңдау керек? Беделдi бапкерлер мықтыларды тек қана жекпе-жек, яғни спарринг кездесу арқылы анықтау шарт деген ұстанымды алға тартады. Бiрақ бас бапкер М.Айтжановтың I.Сүлейменов пен О. Сәттiбаев арасында спарринг кездесу өткiзу ойында жоқ. Ал Афины Олимпиадасының чемпионы Б.Артаев пен Лондон Олимпиадасына жолдама алған Ғ.Жай­лауовты шыңдаған, бүгiнде ұлттық құраманың тәжiрибелi аға бапкерi Нұрлан Ақүрпеков спарринг кездесу өткiзуге қарсы емес. “Мың өлiп, мың тiрiлген” қазақ емеспiз бе? Жекпе-жектен несiне қорқамыз? Шәкiртiм О.Сәттiбаевқа сенемiн. Ол Бакуде де, Қарағандыда өткен Жарылғапов турнирiнде де жеңiлген жоқ деп айтқанмын. Сол сөзiмнен әлi де қайтпаймын. Олжас қарсыласы Iлияспен қашан да жекпе-жекке шығуға дайын. Афины Олимпиадасының алдында Б.Артаевты да мықтымын деген боксшымен спаррингке шығарғанбыз. Нәтижесiнде, Бақтияр жолдамаға да ие болды, Олимпиада чемпионы атанды. Сондықтан талас тудырып отырған салмақтағы боксшылардың арасында жекпе-жек өткiзу өте қажет деп бiлемiн”, – дейдi.
Екi боксшыны өзара жұдырықтастырып, қарымын байқауды қиынсынған бас бапкер: “О.Сәттiбаев пен I.Сүлейменовтi шетелдердегi турнирлерде сынаймыз”, – дейдi. Ол жақта кiмнiң бүйрегi кiмге бұратыны жанкүйерлерге тағы белгiсiз. Қазақ боксшыларына жанкүйерлерiнiң бiрi болғандықтан айтарым – Лондон Олимпиадасына қатысу жолдамасы үшiн таласып, ел намысын қорғайтын боксшыларды сұрыптауда бiреудiң көзi жақсы, бiреудi өзi жақсы демей, бокс мамандарынан ауқымды комиссия құрып, көпшiлiк алдында спарринг кездесу өткiзiп, нығыз мықтыны әдiл жолмен анықтау керек.
 
Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар