1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15681) 23 ақпан, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 ақпан 2012
Итжығыс түстi

Осы аптаның сейсенбi, сәрсенбi күндерi УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындары өттi.

Мәскеудiң “ЦСКА” клубы “Лужники” стадионында мад­ридтiк “Реалды” қабылдап, корольдiк клубпен тең түстi. Мәскеудiң қақаған қысы мен жасанды алаңы корольдiк клубтың кең көсiлуiне кедергi келтiрдi ме, Кәрiм Бензема қақпаға соққы бағыттаймын деп, сiңiрiн созып алып, ойынды үзуiне тура келдi. Оның орнына шыққан Гонсало Игуаин да көзге түсе алған жоқ. Есесiне, стадионды толтырған 70 мың көрерменнiң көшiрiп жiберердей желпiнуi дем берiп, мәскеулiктер салған жерден Икер Касильястың қақпасын торуылдады. 7-минутта Георгий Щенниковтың айып алаңына әуелете асыр­ған пасын қақпаға қарай тепкен Алан Дзагоев дұрыс бағамдай алмады.
Бiрiншi таймның орта тұсы ауғанша доптан алыс жүрген Криштиану Роналду жарқ етiп көзге түстi. Оң қапталмен шабуылды өрбiткен Фабиу Коэнтраудың сол қапталға қарай асырған пасын Зоран Тошич басымен қайтарамын деп қателестi, қас пен көздiң арасында қағып түсетiн Криштиану мүлт жiберген жоқ. Сол аяғымен шiрене теуiп едi, доп Чепчуковтың бауырынан өтiп кеттi. 28-минутта есеп ашылғаннан кейiн мәскеулiктердiң ойыны қожырай бастады. Ахмет Мұса, Сейду Думбия, Алан Дзагоев бастаған алаң иелерi қаймықты ма, жиi қателестi. Алайда 1:0 есебiне қанағат еткен мадридтiктердi мәскеулiктер төрешi Кей­перстiң негiзгi уақытқа үстеген үш минут iшiнде сабасына түсiрдi. Қақпа алдындағы қапылыста Понтус Вернблум допты аяғымен көсiп, Ка­сильяс­ты сан соқтырды. Қа­рымта ойын үш аптадан кейiн Мадридте өтедi.  
Италияның Неаполь қаласында жергiлiктi “Наполи” лондондық “Челси” клубын қабылдап, 3:1 есебiмен еңсерiп кеттi.
Сан-Паоло стадионда өт­кен ойында есептi бiрiншi қонақтар ашты. 27-минутта қорғаушылардың арасынан сытылып шыққан Мата ала допты шиыра теуiп есеп ашты. Бiрақ бiрiншi тайм түгесiлуге тақағанда Эдинсон Кавани таразы басын теңестiрдi. Екiншi таймда да Вилаш Боаш баптайтын лондондықтарды итальяндықтар тықсырып, Эзекиль Лавеций 39, 65-минуттарда қос доп тоғытып кеттi. Қарымта ойын “Челсиға” қиын тиедi. Ширек финалға шығуы үшiн итальяндықтарды iрi есеппен ұтуы керек.
Кеше түнде Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық ойындардың алғашқы кездесуi екi қалада өттi. Францияның Марсель қаласында “Олимпик” пен итальяндық “Интер”, Швейцарияда “Базель” немiстiң “Бавариясымен” тартысты.
 
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар