1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15678) 14 ақпан, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 ақпан 2012
Спорт жаңалықтары

ТЕН – 6-ОРЫН

АҚШ-тың Колорадо-Сприн­гс қаласында мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың мықтылары шеберлiктерiн паш еттi. Елiмiздiң намысын Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қорғаған. Алайда жүлдеге iлiне алмады. Екi бағдарлама қорытындысында қазылар Теннiң шеберлiгiне 210,03 ұпай жазып, ол сайысты 6-орынмен аяқтады. Рахымғалиев болса, 18-сатыға тұрақтады.
273,94 ұпай жинаған әлем чемпионы канадалық Патрик Чанның алдына бұл сайыста да ешкiм түспедi.
Жапон Дайсуке Такахаси күмiстi, американдық Росса Майнер қола жүлденi еншiледi.
Қыздар арасында жапон аруы Мао Асададан ешкiм аса алмады.
Тен мен Рахымғалиев наурыз айында Францияның Ницца қаласында өтетiн әлем чемпионатында елiмiздiң намысын қорғайды.
 
ҚАНЖЫҒАДА ҚОС ҚОЛА
Түркияның Анкара қаласында еркiн және әйелдер күресiнен Яшар Догу атындағы халықаралық турнирге қатысқан балуандарымыз екi қола медаль олжалады.
Биыл 40-мәрте ұйымдастырылған турнирге елiмiздiң екiншi нөмiрлi балуандары барған-ды. 15 елден келген спортшылар жүлде үшiн барын салды.
Құрама қоржынына алғашқы қоланы 55 келiде белдескен Қайыржан Бейсебаев салды. Ол турнирдiң алғашқы айналымында әзiрбайжан балуаны Махмуд Магомедовке тап болды. Әдiс-айласының молдығы арқасында Магомедов айқын басымдықпен Қайыржанды қапы қалдырған. Бiрақ Бейсебаев бұған мойыған жоқ, жұбаныш белдесуiнде түрiктiң екi бiрдей балуаны Зия Дайлак пен Хакан Парларды ұтып, қола жүлдегер атанды.
84 келi салмақта сайысқа қатысқан Ермек Байдуашев iрiктеу кезеңiнде ресейлiк Александр Сафроновты, түрiк Фират Биничидi ұтқан. Артынша Иран балуаны Джамал Мирзайдан өте алмады. Мықтылығын тек Ермекке ғана мойындатпаған Мирзай осы салмақта чемпион атанды. Байдуашев қола жүлде үшiн поляк Збигню Бараношиды, түрiк Мұрат Озканды жеңдi.
 Амандық Бәкеев (60 келi), Самат Омаров, Жасұлан Мұхтарбекұлы (66 келi), iрiктеу кезеңiнен өте алмады.
Қыздардан екi балуанымыз Яшар турнирiнде белдестi. Ирина Криволапова (48 келi) мен Меруерт Дынбаева (55 келi) бiрiншi белдесуде-ақ дiңкелеп қалды.     
 
ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Қазақ елiнiң теннисшiлерi Ярослава Шведова мен Сесиль Каратанчева Колумбияда өтiп жатқан турнирде финалға жолдама алды.
Кордқа бiрiншi шыққан Шведова iрiктеу кезеңiнде румын Иоан Оларды, екiншi айналымда испан теннисшiсi Летиция Костас-Морейраны, болгар Александра Найденованы екi сетте тiзе бүктiрдi.
Каратанчева да алғашқы айналымда британдық Робин Беддоны, мексикалық Химено Хермосоны, хорват қызы Марий Абрамовичтi ұтып, финалға жеттi.
Колумбияда өтiп жатқан турнирдiң жүлде қоры – 220 мың АҚШ доллары. Былтыр бұл турнирдi жекелей сында испан қызы Лурдес Домингес Лино ұтса, жұптасып өнер көрсетуде де испан теннисшiлерi Медина Гарригес пен Эдина Галловиц-Холл топ жарған едi.
 
ҚУЫРЫП ЖIБЕРДI
Тенистен елiмiздiң ерлер құрамасы Дэвис кубогының iрiктеу кезеңiн сәтсiз бастады. Михаил Кукушкин бастаған жiгiттер Испания құрамасынан 5:0 есебiмен жеңiлдi.
Евгений Королев Испанияның бiрiншi нөмiрлi ракеткасы Николас Альмагродан төрт сетте ұтылды. 
Кордқа екiншi болып шыққан Андрей Голубев Марселю Гранольерспен төрт сет бойы айқасып, тiзерлеуiне тура келдi.
Қазақ елi құрамасының капитаны Михаил Кукушкин Хуан-Карлос Феррейроға бес сетте жол бердi. 
Жұптасып сынға түскен Юрий Щукин мен Евгений Королевтiң Марко Лопес пен Марселю Гранольерсуге шамасы жетпедi.
Дэвис кубогының ширек финалдық жұптары белгiлi болды. 6-8 сәуiрде Испания – Австрия, Чехия – Сербия, Аргентина – Хорватия, АҚШ құрамасының қарсыласы Канада мен Франция теннисшiлерi арасындағы тартыстан кейiн анықталады.
1990 жылдан берi тұрақты түрде ұйымдастырылатын Дэвис кубогын былтыр Испания құрамасы ұтып алған болатын.
 
ҚАТЫСҚАНҒА ҚУАНДЫ
Алматы облысы, Қапшағай су қоймасында жылтыр қармақпен балық аулаудан әлем чемпионаты мәресiне жеттi. Бiр аптаға созылған сайысқа 11 елден 60-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында қармағын балық көп қапқан беларусь Юрий Щорс әлем чемпионы атанды. Күмiс жүлде литвалық Дудзинскас Айварасқа, қола медаль украиналық Алексей Зайкоға бұйырды.
Қазақ елiнен қатысқан балықшылар Дмитрий Левитский – 15, Санат Князбаев – 21, Александр Кубасов – 22, Мұрат Әленов – 42, Павел Логвиненко – 53, Вадим Ягфаров 58-сатыға тұрақтады.
Жалпыкомандалық есепте беларусь балықшылары бәрiнен оқ бойы озды. Украиналықтар екiншi орын алса, литвалық балықшылар әлем чемпионатын үшiншi орынмен қорытты.
 
КҮМIС ТЕ, ҚОЛА ДА ЖАЛҚЫ
Фристайлдан Қытайда өткен әлем кубогының кезеңiнде елiмiздiң спортшылары 1 күмiс, 1 қола жүлдеге қол жеткiздi.
Дмитрий Рейхард канадалық Майкл Кингсберидi ғана алдына салып, күмiс медаль еншiледi.
Қыздар арасында жерлесiмiз Юлия Галышева американдық Ханна Керни мен канадалық Жюстин Дюфурдан аса алмай қола жүлдемен шектелдi.
 
МИККО МЫҚТЫ ЕКЕН
Алматыда шаңғымен тұғырдан секiруден әлем кубогының қысқы кезеңi аяқталды. Екi күнге созылған сайыста норвегиялық Микко Коксилен қоссайыс қорытындысында топ жарды.
13 мемлекеттiң 50 шаңғышысы екi күн бойы шеберлiктерiн паш еттi. Микко екi күнде де алдына ешқандай спортшы түсiрген жоқ.
Алғашқы күнi Микко – алтын, немiс Бьорн Кирхайзен – күмiс, жапон Акито Ватабе қола жүлденi олжалады.
Сайыстың екiншi күнi де алтын Миккоға бұйырса, күмiс жүлде жапон Акитоға, қола австралиялық Бернхард Шруберге бұйырды.
Елiмiздiң намысын қорғаған Сергей Шарабаев, Константин Соколенко, Владимир Полушиндер үздiк ондыққа да ене алмады.
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар