1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15454) 15 желтоқсан, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 желтоқсан 2009
Бiржан Бакуде топ жарды

Әзiрбайжанның астанасы Бакуде бокстан АИБА президентiнiң кубогы сарапқа салынды. Бұл сында ел намысын қорғаған қазақ елiнiң боксшылары елiмiзге 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола медальмен оралды.

48 келi салмақта жұдырықтасқан жерлесiмiз Бiр­жан Жақып алғашқы жекпе-жегiнде бразилиялық қарсыласын ұтқанын га­зетiмiздiң өткен санында жазғанбыз. Алғашқы жекпе-жегiн тиянақты өткiз­ген Бiржан жартылай финалда марокколық қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды. Финалда Б.Жақып Доминикан Республикасынан келген Луис Диазды ойсырата жеңдi. Есеп – 13:2.
Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Руслан Мырсатаев алғашқы жекпе-жегiнде қарсыласы турнирге келмеген­дiктен бiрден жартылай финалға шықты. Жартылай финалдық жекпе-жек Руслан үшiн оңайға тиген жоқ. Ресейлiк Шамиль Гаджиевтан үшiншi раундтың орта тұсына дейiн 1:11 есебiмен ұтылып жатқан жерлесiмiз жекпе-жектiң аяқ­талуына санаулы секунд­тар қалғанда қарсыласын ұрып жықты. Қандасымыздың қатты соққысынан есеңгiреп қалған Гаджиев сол күйi есiн жия алмады. Өкiнiшке қарай, Р.Мырсатаев финалда биылғы жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, украиналық бокс­шы Роман Капитененкодан ұпай санымен жеңiлiп қалды: 1:5.
Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль сал­ған астаналық Қанат Әбу­тәлiпов бiрiншi жекпе-жегiнде доминикандық бокс­шыны 9:3 есебiмен тiзе бүктiрiп, жартылай финалға шыққан едi. Алайда Әбу­тәлiпов финалға шығар жолда ирландиялық қарсыласына төтеп бере алмады. Бұл кездесуде ирландиялық боксшы 15:2 есебiмен жеңiске жеттi.
75 келi салмақта сенiм артқан боксшымыз Азамат Белгiбаев алғашқы кез­десуiнде-ақ тас-талқан болып ұтылды. Украиналық Сергей Деревьянченкодан оңбай таяқ жеңген Азаматты бiздiң бапкерлер аяды ма, үшiншi раундта жекпе-жектi тоқтатуға мәжбүр болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар