1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15454) 15 желтоқсан, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 желтоқсан 2009
Кличко қарсыласын құлата алмады

Украиналық кәсiпқой боксшы Виталий Кличко WBC тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын сәттi қорғап шықты. Американдық Кевин Джонсонмен қолғап түйiстiрген В.Кличко он екi раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласын ұпай санымен ұтты.

Швейцарияның Берн қаласында өткен бокс кешiнде Виталий Кличкоға қарсы тұрған американдық былғары қолғап шеберi бұған дейiн жиырма үш жекпе-жек өткiзiп, оның жиырма екiсiнде жеңiп, бiр жекпе-жектi тең аяқтаған.
Бiрiншi раунд бастала салысымен құлатудың жолын ойластырған Виталий Кличко қарсыласын қанша тықсырғанымен, Кевин Джонсон өзiнiң тәжiрибелiгiнiң арқасында украиналық боксшыға айтарлықтай қарсылық көрсеттi. Жекпе-жектiң соңында төрелiк жасаған үш қазы да жеңiстiң Кличко жағында болғанын мойындады. Қапталдағы бiр төрешi кездесудi 120:108 есебiмен Кличконың пайдасына шешсе, қалған екi төрешi де жеңiстi бiрауыздан Виталий Кличкоға бердi. (119:109).
Айтпақшы дәл осы күнi АҚШ-тың Калифорния штатында өзiнiң кезектi жекпе-жегiн өткiзген WBC тұжырымының бұрынғы әлем чемпионы, 40 жастағы ресейлiк Олег Маскаев Доминикан Республикасының 23 жастағы боксшысы Надю Агилереден оңбай таяқ жедi. Бiрiншi раундтың алғашқы минутында-ақ екi рет еденге құлаған О.Маскаевты төрешiлер арашалап алды. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар