1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (15674) 31 қаңтар, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
31 қаңтар 2012
Спорт жаңалықтары

ТУРНИРДЕ ТIНӘЛИЕВ ҰТТЫ

Грек-рим күресi балуандары Түркияда өткен голден гран-при сайысында 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль еншiледi. Бас бапкер Мұратбек Қасымханов “Вэхби Эмре” турнирiне 7 салмақ бойынша балуандар апарған. Сайыстың алғашқы күнi белдесуге 55, 66, 84, 120 келi салмақтағы балуандар шықты. Асхат Құдайбергенов 55 келiде белдесiп, iрiктеу ке­зеңiнен өте алмады. 66 келiде Бейбiт Нұғыманов түрiк балуанына жол берсе, Елдар Қайратов пен Дархан Баяхметов те алғашқы айналымда сүрiндi. 84 келiде белдескен Даниял Гаджиев финалда ресейлiк Азамат Бикпаевқа есе жiберiп, тур­нирдiң күмiс жүлдесiн еншiледi.
120 келiде Тiнәлиев ерледi. Финалға дейiн қарсы келген балуанды жықты, алтын үшiн белдесуде ресейлiк Александр Анючиндi алып ұрып, турнир жеңiмпазы атанды.
 Екiншi күнi белдесуге шыққан жiгiттер де үмiттi ақтамады. 60 келiде белдескен Алмат Кебiсбаев, Досжан Қартықов (74 келi), Марғұлан Әсембеков (96 келi) iрiктеуден өте алған жоқ. Әсет Әдiлов (74 келi) қола жүлде үшiн күресте барын салып, турнирден жүлдемен қайтты.
Еркiн күрес балуандары мен қыздарымыз Ресейдiң Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин турнирiне қатысып келдi. Осы турнирде жiгiт­терден гөрi қыздар жiгер танытты. Ярыгин турнирiнен Еркiн Телақынов баптайтын қыздар құрамасы қос қола медальға қол жеткiздi. Айым Әбiлдина 55 келiде, Татьяна Захарова 67 келi салмақта белдесiп, гран-при сайысын үшiншi орынмен аяқтады.
 
ЖЕҢIЛМЕЙТIН  ЖАҚИЯНОВ
Қызылжар қаласында кәсiпқой бокстан Азия чемпиондығы сарапқа салынды. Жанат Жақиянов WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын қорғау үшiн тайландтық Лукдиав Тор Бунамас­қа қарсы шықты. Жекпе-жек басталмас бұрын Тор Бунамас: “Мен қазақ топырағына қыдырыстап келгем жоқ, тек чемпион атану үшiн ғана ат басын бұрдым. 3 минуттан болатын жекпе-жектi 10 раундқа созбаймын. Жақияновты 3-раунда-ақ есiнен тандырам”, – деп көлгiрсiген. Бiрақ 29 жастағы Жанат Жақиянов сөзден гөрi iспен дәлелдедi. Алғашқы раундтың 2-минутында қарсыласын нокаутқа түсiрiп, Азия чемпионы атағын қорғап қалды.
Жақиянов кәсiпқой бокста 18 жекпе-жек өткiзiп, 17 кездесуiнде жеңiске жеткен. Былтыр Азия, Еуропа чемпионы атанды. Ал Жанаттың атағына жармасқан Бунамас 14 жекпе-жегiнiң 11-iнде жеңiске жетiптi.
 
ЖЕТКЕН ЖЕРI – 7-ОРЫН
Слободан Крчмаревич баптайтын елiмiздiң жастар құрамасы Ресейде өткен “Достастық кубогiн” 7-орынмен аяқтады. Ширек финалда Беларусь футболшыларынан жеңiлдi де, Литва құрамасымен тең түскен. Бiрақ пенальтиден 5:3 есебiмен ұтылып қалды. 7-8-орын үшiн Молдова құрамасымен 3:3 есебiмен тең тарқасып, артынша пенальти тебуде 5:4 есебiмен жеңiске жеттi.
Айтпақшы, елiмiздiң футбол федерациясының вице-президентi Виктор Катков ширек финалдағы Беларусь – Қазақстан кездесуiнде қазы Виталий Анисимов көпе-көрнеу екi бiрдей ойын­шыны алаңнан қуып жiбергенiне наразы екенiн айтып, Ресей футбол одағының президентi Сергей Фурсенкоға ашық хат жолдапты.
 
ҰПАЙ  УФАЛЫҚТАРҒА ДА ҚАЖЕТ
Сырт айдында ново­сiбiрлiк “Сiбiр” клубын 5:0 есебiмен ұтқан елордалық “Барыс” Новокузнецк қаласында “Металлург НК” хок­кейшiлерiнен 0:1 есебiмен ұтылды. Ойындағы жалғыз шайбаны Сергей Брылин соқ­ты.
Құрлықтық хоккей лигасында 73 ұпай жинаған “Барыс” 5-сатыға жылжыды. Ал “Металлург НК” 60 ұпаймен 10-сатыда келедi.
Астаналықтар келесi ойы­нын ертең уфалық “Салават Юлаев” клубына қарсы өткiзедi.


 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар