1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15669) 12 қаңтар, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қаңтар 2012
Cпорт жаңалықтары

ҚОЛА ҒАНА

Ресейдiң Түмен қаласында өткен Иван Поддубный мемориа­лынан елiмiздiң балуандары жал­ғыз қоламен қайтты.
“Кiшi әлем чемпионаты” аталатын белдесудiң алғашқы күнi кiлемге шыққан Бейбiт Нұғыманов 66 келiде олимпиада чемпионы Исламбек Альбиевтен өте алмаған. Бiрақ Альбиев финалға шығып, Бейбiтке қола жүлде үшiн таласуға жол ашылды. Барын салған Нұғыманов мәскеулiк Амбака Вачадзенi 2:1 есебiмен ұтты. Артур Үмбетқалиев (55 келi) жарыстағы сапарын алғашқы белдесуден кейiн-ақ аяқтады. Роман Мелешин (84 келi) де жарысты орта жолдан үзген. Романды жеңген Серов Григорян финалға шыққандықтан жұбаныш белдесуiне мүмкiндiк туған едi. Алайда Мелешиннен башқұртстандық Азамат Бикбаев мықты шықты. 96 келiде белдескен Нико Тваболошвилидi екiншi айналымда Рустам Тотров тоқтатты.
 
ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ЖАҚСЫ
Дакар көпкүндiгiнiң тоғызыншы кезеңiн “Астана” экипажы 4-орынмен аяқтады. Сөйтiп, жалпы есепте үшiншi сатыға орнықты.
Осы кезеңде итальяндық Мики Бьязион топ жарды. Микиден Артур Ардавичус 8 минут, 54 секунд кешiгiп жеттi. Жалпы есепте тоғыз кезең нәтижесi бойынша голландиялық Жерар де Рой көш тiзгiнiн ешкiмге бермей келедi. 
Ендi 10-кезеңдi бағындырмаққа бел буған қатысушылар Чилидiң Икике мен Арика қалаларын жалғайтын жолмен жарысып, шөлейттi басып өтедi.
 
АРГЕНТИНАНЫҢ “АЛТЫН АСЫҒЫ”
Сейсенбi күнi Швейцарияның Цюрих қаласында өткен жылдың “Алтын доп” иегерi анықталды. Өткен жылдың үздiгi атағына мадридтiк “Реал” клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду, каталондық “Барселона” клубының екi бiрдей ойыншысы Лионель Месси мен Хави үмiттi болған. Әлемнiң спорт журналистерi, бапкерлер мен команда капитандарының дауыс беру қорытындысында Мессидiң мерейi үстем болды. ХХI ғасырдың футболына құбылыс әкелген саңлақ “Алтын допты” үшiншi жыл қатарынан еншiлеп, екiншi мүшелiне ендi кiретiн шағында әйгiлi Мишель Платинидiң жетiстiгiн қайталады. Платини 1983-85 жылдары қатарынан үш жыл “Алтын допты” қанжығасына байлаған болатын. (Ол мұндай жетiстiкке “Ювентус” сапында жүргенде қол жеткiздi).
Қыздар арасында өткен жылдың үздiк ойыншысы болып жапон футболшысы Хомаре Сава танылды.
Жылда ФИФА Ференц Пушкаш атындағы сыйлықты ең тамаша соғылған голдың иесiне тапсырады. 2010 жылы бұл сыйлық түрiк футболшысы Хамит Алтынтоптың Қазақстан – Түркия кездесуiнде соғылған голына берiлген-дi. Қоян жылында соғылған мыңдаған голдарды саралаған сарапшылар бразилиялық “Сантос” клубының шабуыл­шысы Неймардың “Фламенго” қақпасына соққан голына тоқтапты.
 
“БАРЫС” БАСЫЛЫП ҚАЛДЫ
“Барыс” құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойында омбылық “Авангард” клубынан 2:4 есебiмен ұтылып қалды. Бұл ойынның алғашқы таймында есеп ашылмаған. Есесiне екiншi 20 минутта айдын иелерi 3 гол айырмасымен алға шықты. Үшiншi айналымда ес жинаған елордалықтар таразы басын 2:3-ке жеткiзген едi. Ойын соңында “Авангард” хок­кейшiлерi төртiншi шайбаны енгiзiп кеттi. Омбыдан соқыр ұпай ұстай алмай қайтқан астаналықтар турнир кестесiнде 7-сатыға сыр­ғыды. Топ басында 76 ұпайы бар Челябiнiң “Тракторы” тұр.
Бүгiн “Барыс” өз айдынында Новосiбiрдiң “Сiбiр” клубымен күш байқасады.
 
ҚАЗАНДЫҚТАР ҚАРҚЫНДЫ
Елордалық “Астана” баскетбол клубы өз алаңында қазандық (Ресей) “УНИКС” клубын қабылдап 68:87 есебiмен жеңiлуге мәжбүр болды.
Бiрыңғай баскетбол лигасындағы кезектi ойынның алғашқы таймында жеңiлiспен аяқтаған Маттео Баничиолли жiгiттерi алға шыққан. Бiрақ қазандықтар бiр тырнағын iшке бүгiп ойнапты. Ойынның екiншi таймы басталғаны мұң екен, Натан Джавай, Генри Домеркант, Террелл Лайдэй бастаған “УНИКС” ойыншылары таразы басын теңестiрiп қана қоймай, жеңiстi уыстан жұлып әкеттi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар