1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15669) 12 қаңтар, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қаңтар 2012
Жүлдесiнен ұпайы қомақты

Осы аптаның сенбi-жек­сенбiсiнде Алматыға әлемнiң үздiк дзюдо шеберлерi жиналады. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әлемнiң әр түкпiрiнен (40 елден) келген дзюдошылар екi күн бойы жүлделердi сарапқа салады. “Әлемдiк шеберлер” деп аталатын бұл ду осымен үшiншi мәрте өткiзiлiп отыр. Халықаралық дюздо федерациясының қолдауымен   Алматыда болатын сынға қатысушылардың 9-ы – олимпиада чемпио­ны. Оле Бишофф, Илиас Илиадис, Эльнур Маммедли, Найдан Тувшинбаяр, Ираклий Цирекидзе, Тунь Вэнь, Ян Сюли, Алина Думитру, Джулиа Квинтавалле сынды олимп шыңын бағындырған мықтылар Алатау бөктерiнде алпарысатын болады. Максим Раков бас­таған әлем чемпиондары да осы сында бақтарын сынайды.

Жүлденiң жалпы қоры – 200 мың АҚШ доллары. Жеңiмпаз бол­ған спортшы 6 мың көк қағазға қоса қоржынына 400 ұпай салады. Күмiс жүлдегер 4 мың доллар және 240 ұпай, қола жүлденi еншiлеген балуан 2 мың доллар мен 160 рейтингтiк ұпайға ие болады. Лондон олимпиадасының жолдамасына қол жеткiзу үшiн дзюдошылардың ұпайы жоғары болуы шарт. Төрт жыл бойы жоғары нәтиже көрсетiп, ұпайды молынан жинаған спортшылар ғана олимпиадаға қатысу мүм­кiндiгiн еншiлейдi.
Әр салмақтың 16 үздiгi Алматыда өтетiн сайыста “бел кеткенше” күресiп, өлiспей-берiспейтiнi анық.
Қазақ елiнiң ұлттық құрамасын баптайтын Асхат Жiткеев мына жiгiттерге сенiм артқанын айтты. 60 келiде Еркебұлан Қосаев, 66-да Сергей Лим, 73-те Ринат Ибрагимов, 81-келiде Руслан Боз­баев,­ 90 келiде Тимур Болат, 100 келiде Максим Раков, аса ауыр (100 келiден жоғары) салмақта Ержан Шынкеев.
Былтыр Парижде өткен әлем чемпионатында Раков еншiлеген жалқы күмiстi қанағат етiп едiк. Жiткеев “әлемдiк шеберлер” дуын­да жiгiттер жерге қаратпайтынына сенiм бiлдiрдi. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар