1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15668) 10 қаңтар, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
10 қаңтар 2012
Спорт жаңалықтары

“АРЛАНДАРДЫҢ” САНЫ АРТТЫ

“Астана арландарының” қатары тағы да үш боксшымен толықты. Самат Бәшенов пен Рүстем Сыбаев “арландарға” қосылды. Сонымен бiрге украиналық Андрей Томчук те елордалық клубтың намысын қор­ғайтын болады. Рүстем Сыбаев екi жыл қатарынан ел чемпионы, былтыр Кореяда өткен Азия чемпионатында күмiс жүлдегер атанды. Бәшенов те оңайдан емес. 2005 жылы жасөспiрiмдер арасында ел чемпионатында топ жарған соң-ақ мамандардың назарында болды. 2006 жылы жасөспiрiмдер арасында Азия чемпионатында чемпион атанып, ересектер арасындағы сын­ға да қатысты. 2010 жылғы ел чемпионатында күмiс жүлдегер болды. Былтырғы чемпионатта 60 келiде қола жүлденi еншiледi. Андрей Томчук – әскерилер арасында әлем чемпионы атанған әккi боксшы. 2010 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Руслан Мырсатаев осы Томчуктен өте алмай, қола жүлдемен шектелген.   
Бүкiләлемдiк бокс сериясындағы соңғы жекпе-жектерiн “арландар” өткен жылдың 16 желтоқсанда Үндiстанда өткiзiп, жеңiспен оралған едi.
14 қаңтарда Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде АҚШ-тың “Лос-Анжелес Матадорс” клубына қарсы “Астана арландарынан” кiмдер шығатыны ертең анықталады. Бұдан бұрынғы АҚШ-та өткен кездесуде 3:2 есебiмен американдықтар жеңiске жеткенi белгiлi.
 
ҰПАЙДЫҢ МОЛЫ ЖАҚСЫ
Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын астаналық “Барыс” сырт айдындағы екi кездесуiнде де жеңiске жеттi.
7 қаңтарда     Ханты-Ман­сий­с­кiде жергiлiктi “Югра” клубымен айдынға шығып, 1:3 есебiмен тiзе бүктiрдi. Осы ойында Талғат Жайлауов жеңiс үшiн көп еңбек сiңiрдi. Айдында командаластарына ұрымтал тұстан бiрнеше рет пас шығарып бердi.  
28-минутта Боченскидiң шайбасынан кейiн “Барыс” алға шықты. Арада 9 минут өткенде Фадеевтен пас алған Жайлауов екiншi голды тоғытты. 48-минутта айдын иелерiнен Магогин жалғыз шайба енгiздi. 59-минутта Боченкси Даллмэннiң пасын сәттi пайдаланып, нәтиженi 3:1-ге жеткiздi.
“Барыс” 5 қаңтардағы магни­торскiлiк “Металлургтi” де 2:1 есебiмен тiзерлеткен болатын. Сырт алаңдағы екi ойындағы жеңiс Шаянов шәкiрттерiнiң турнир кестесiндегi жағдайын тәуiр еттi. Олар құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясында 62 ұпаймен 5-сатыға орнықты.
Кеше Омбыда “Барыс” жер­гiлiктi “Авангард” хоккей­шiлерiне қарсы айдынға шықты.
 
“АСТАНАҒА” ТӨРТ ОЙЫНШЫ КЕЛДI
Елордалық “Астана” футбол клубына төрт ойыншы қосылды. Қор­ғау­шы Мұхтар Мұхтаров, жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев, шабуылшы Сергей Остапенко мен Сергей Гридин ұлу жылындағы премьер-лиганы “Астана” сапында бастайтын болады.
Өткен жылы Мұхтаров шым­кенттiк “Ордабасы” клубында ойнап, ел кубогын ұтып алды. Қонысбаев кеншiлердiң “Шахтерiнде” тер төгiп, чемпион атанды. Остапенко “Жетiсу” ойыншыларымен күмiс жүлдеге қол жеткiздi, Гридин қостанайлық “Тобылда” жақсы қырынан танылды.
Бұл ойыншылар тек клубтарда ғана емес, ұлттық құраманың да мүшелерi. Қонысбаев пен Гридиндi өткен жылы Беранек құрама қатарына қабылдады, Мұхтаров 5 жылдан кейiн құрамаға қайта қосылса, Остапенко 2007 жылдан берi құрамада ойнап келедi.
 
КЕНШIЛЕРДIҢ КӨҢIЛI ТОҚ
Қарағандылық “Шахтер” оқу-жаттығу жиынындағы алғашы жолдастық кездесуiн жеңiс­пен аяқтады. Молдавалық “ЦСКА-Рапид” клубымен өткен ойын 1:3 есебiмен кеншiлердiң пайдасына шешiлдi.
25-минутта “Шахтердiң” жартылай қорғаушысы Игорь Пикалкиннiң соққан голынан кейiн Серiк Досманбетов бiрiншi тайм аяқталуға тақағанда нәтиженi еселедi. 65-минутта команда капитаны Андрей Финонченко есептi 3:0-ге жеткiзген. Қарсыластардан Александр Тофан 68-минутта жалғыз голды әупiрiммен енгiздi.
Виктор Кумыков баптайтын “Шахтер” жаттығу барысында тағы бес жолдастық кездесу өткiзудi жоспарлап отыр. 
 
IЛГЕРIЛЕУ БАР
Оңтүстiк Америкада өтiп жатқан “Дакар” көпкүндiгiнiң жетiншi кезеңiн елiмiздiң “Астана” клубы сәттi аяқтады. Көпкүндiктiң ең бұрылысы көп, жолы қатерге толы кезеңiнде Артур Ардавичустың экипажы көш басындағы голландиялық Жерар де Ройдан 17 минут, 37 секунд қалып қойып, сайысты төртiншi болып аяқтады.
Кеше қатысушылар 8-кезеңдi бағындыру үшiн Чилидiң Копьяпо мен Антофагаста қалаларын жалғайтын күре жолда жарысты.
 
ҚАҚПАШЫҒА ҚАТЕР ТӨНДI
Мексика ұлттық құрамасының қақпашысы Омар Ортистiң басына қауiп бұлты үйiрiлiп тұр. Жуырда оны жергiлiктi полиция “қылмыстық топпен қатысы бар” деген күдiкпен қамауға алғанын хабарлайды РИА новости агенттiгi.
35 жастағы Ортис кәсiби футболды 1997 жылы Монтеррей қаласының қала аттас клубында бастаған. Одан кейiн мексикалық “Чьяпас”, “Некакса”, “Атланта” клубтарына мүше болды. Қақпашының басы бәлеге алғаш шатылып отырған жоқ. 2010 жылы допингке қарсы екi мәрте тексеруден кейiн оны екi жылға футболдан шеттетуге үкiм шығарған болатын.
Қақпашылар жайлы сөз қозғаған соң айта кетейiк. Жақында Англия премьер-лигасының 20-турында қызық оқиға болды. “Эвертон” өз алаңында “Болтонды” қабылдаған. Осы ойында “Эвертонның” қақпашысы Тим Ховард айып добын теуiп, гол соқты. Бұлай болады деп ешкiм ойламаған. Қашықтан әуелеп жеткен доп қарсы команда қақпасына жақын қалғанда, жерге тиiп қайта серпiледi де, қақпадан бiр-ақ табылады. 
Ховард өзiнiң есiмiн Англия футболында гол соққан төртiншi қақпашы ретiнде қалдырды. Бұған дейiн ағылшын премьер-лигасында қақпашылар Петер Шмейхель, Пол Робинсон мен Брэд Фридель еншiсiне гол жазған-ды.
Алайда Тимнiң соққан голы командасына қол болмады. “Болтон” ойыншылары 2:1 есебiмен жеңiске жеттi.
 
ХОСЕПКЕ ҚОШЕМЕТ
Каталондық “Барселона” клубының бас бапкерi Хосеп Гвардиола өткен жылдың ең үздiк бапкерi атанды. Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясының (IFFHS) хабарлауын­ша, 80 елден қатысқан футбол мамандары Хосепке 201 дауыс берiптi. Екiншi орында мадридтiк “Реалдың” бас бапкерi Жозе Моуринью тұр. 2010 жылдың үздiк бапкерi атанған Жозе бұл жолы 112 ұпай жинапты. “Манчестер Юнайтедтi” ширек ғасыр баптап жүрiп самайына ақ кiргiзген сэр Алекс Фергюсон 107 ұпаймен үшiншi сатыға жайғасыпты. “Челсидiң” бас бапкерi Андре Виллаш Боаш (78 ұпай) – төртiншi, “Манчестер Ситидi” баптайтын Роберто Манчини 45 ұпаймен бестiктi түйiндептi.
Жылдың үздiк бапкерi атағын федерация 1996 жылдан берi үздiксiз үлестiрiп келедi.
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар