1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15663) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 желтоқсан 2011
Қарағандылықтар кубок иегерi

Елiмiздiң бокс федерациясының кубогы биылғы жылы арқа боксшыларына бұйырды. Қарағандылықтар финалдық сайыста мұнайлы өлкенiң ұлдарын ұтып, федерацияның кубогiн иелендi.

Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiндегi финалдық кездесу алдында қос өңiрдiң боксын басқарып отырған басшылар баспасөз мәслихатын өткiзiп, әркiм өз аймақтарында осы спорт түрiнiң қаншалықты қарқын алып келе жатқанын баяндады.
Маңғыстау облысының боксын сөз еткенде, қазақ топырағына боксты әкелген Шоқыр Бөлтекұлының есiмi алдымен аталады. Шоқыр ақсақалдың шоғыры бүгiнде батыс өңiрде қалың. Соңғы жылдары да Маңғыстау облысының боксшылары жартылай ауыр салмақта тәуiр нәтижеге қол жеткiздi. 2005 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатында Ердос Жаңабергенов 81 келiде топ жарды. Арада алты жыл сырғығанда Әдiлбек Ниязымбетов Бакуде өткен әлем чемпионатында дәл осы салмақта күмiс жүлдеге қол жеткiзген едi.
Мұнайлы өлкенiң күрзi жұдырық жiгiттерi кубок үшiн сайыста батысқазақстандықтар мен Атырау облысының боксшыларын ұтып, жартылай финалда шығысқазақстандықтар тiзе бүктiрген болатын. 
Қарағанды боксының да шоқтығы биiк. Бұл өлкенiң боксы соңғы жылдары қарқынды дамыды. Спортшылар да елiшiлiк сайыстарда ғана емес, олимпиада, әлем чемпионаттарында топ жарды. Әрiге бармай-ақ, ХХI ғасырдан берi қарайғы нәтиже тiзбегiнен-ақ қарағандылықтардың қарқынын бағамдауға болады. 2003 жылы Геннадий Головкин әлем чемпионы атанды, 2004 жылы Афины олимпиадасының күмiс жүлдесiн, Серiк Елеуов олимпиа­даның қола жүлдесiн еншiледi. Серiк Сәпиев төрт әлем чемпионатына қатысып, жүлдесiз қайтқан емес. Қазақ боксшылары арасынан тұңғыш болып әлем чемпионатында екi мәрте топ жарған саңлаққа қарап сап түзейтiн жастардың қатары артқан.
Сайысты бастаған 49 келiдегi боксшылар бiрiн-бiрi аңдып ұзақ жүрдi. Арқалық Әдiлхан Амангелдi маңғыстаулық Қуанышбай Сәрсенбаевты 12:7 есебiмен ұтты. 52 келiде Қанат Тұрғанбаев Нұржан Қошановты 22:10 нәтижесiмен еңсерiп, есептi 2:0-ге жеткiздi. Таразының ауыр басы қарағандылықтарға ауып бара жатқанына Марат Жәкиев бастаған мұнайлы өлкенiң боксшылары ширықты ма, 56 келiде рингке шыққан Әли Байбозов барын салып бақты. Биылғы жылдың басында өткен ел чемпионатында 56 келiде жеңiмпаз атанған Әли командаластарының үмiтiн ақтап, 11:5 есебiмен қарсыласы Ақберген Ахметовтi ұтты. 60 келi салмақта қарағандылықтардың намысын Елдос Сайдалин қорғады. Ол өзiнен қарымы да, тәжiрибесi аз Жандарбек Исановты алғашқы екi раундта сабап, ұпайын молайтып алған. Бiрақ Жандарбек те жiгiт екен, таразы басын теңестiрiп қоймай, соңғы раундта соққысын дiттеген жерiне тигiзiп, жеңiстi жұлып әкеттi.
64 келiде Жәнiбек Әжiбай Руслан Мәдиевтi жеңiп, ендi жеңiс маңғыстаулықтарға қарай ойысты. 69-да Сүлеймен Бердукаев Берiкбай Нұрымбетовтi 16:6 нәтижесiмен еңсерiп, жеңiске жақындай түскен. Осыдан кейiн-ақ қарағандылықтардың қарқына серпiн қосылды. 75 келiде Бауыржан Момынов Рақымжан Түгелбаевты тұқыртты. 81 келiде 2010 жылы ел чемпионы болған Алмат Серiмов Әдiлбек Балғожаны нокаутқа түсiрiп, айқын басымдықпен ұтты.
91 келiде қарағандылықтардың жас боксшысы Алексей Севастьянов Марат Молдагереевтi 14:7 есебiмен еңсердi. Марат – былтырғы жылы бүкiләлемдiк бокс сериясының сайыстарында сынға түсiп, ысылған әккi боксшы. Десе де, өзiнен де зор шығарын “Астана арландарының” бұрынғы боксшысы осы сында түйсiндi.
91 келiден жоғары салмақта рингке маңғыстаулықтардың бар сенiмiн арқалап әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов шыққан. Бiрақ Жаңабергеновтiң екпiнi арқаның албырт боксшысы Артем Василеноктi тықсыра алмады. Керiсiнше, Артем әлем чемпионы екен деп қаймыққан жоқ, қарсы шабуылдап, ұпайын молайта түстi. Тiптi екiншi раундта Ердос есiнен танып, нокдауын алып қалды. Василенектiң басымдығынан кейiн қорытынды есеп 6:4 болып, бокс федерациясының кубогы Қарағанды облысының боксшыларына бұйырды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар