1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 қараша 2011
Қызылорда қыранын құрметтедi

Алдымен түнеукүнгi толқынысқа тоқтала кетейiкшi. Франция. Париж төрi. 94 келiге дейiнгi салмақтағы әлемнiң беткеұстар зiлтемiршi жiгiттерiнiң “не бел, не белбеу кетсiн” деген шағы. Әлемдiк бәсекенiң биiгiнен көрiнуге күшiн сарқыған спортшылар бiрiнен-бiрi асып түсуге тырысып-ақ жатыр. Қазақ елiнiң Толағайы Илья Ильин жұлқа көтеруде 184 келiнi көтерудей-ақ көтергенiн көрдiк. Өкiнiш­тiсi, қазылар есептемей қойды. Бiрақ Илья сасқан жоқ. Жеңiске жететiнiне сендi, серпе көтеруде бәрiн жолда қалдырды. Бейжiң Олимпиадасында алтын әперген 226 келi Парижден де алтын бұйырт­ты. Сонымен, Илья – үш дүркiн әлем чемпионы атанды. Оның мойынға алтын алқа тағып, ел байрағы көкке көтерiлiп, қазақ елiнiң әнұраны орындалған сәттегi қалпын көрiп... Бiз де ағыл-тегiл жыладық... “Босбелбеулiк” таныттық... Әрине, елiм деп соққан жүректiң тамшы жасқа ерiк беруi заңды.

Бiз оның осыдан аттай үш жыл бұрын қалың ханзудың алдында олимпиада чемпионы атанғанын ұмытып кеттiк. Тiптi “Ильин атағына мастанып, жаттығуды қойды, ендi одан алдағы уақытта жүлде дәмету – бос үмiт” деп сәуегей­сiдiк. Бапкерлер құрамымен не үшiн жұлдызы қарсы? Неге Ильин Парижге дейiн елден жырылып, Астанада жеке жаттықты? Ол жағы бiзге белгiсiз. Анығы, оның сөзiнде тұра алатыны. Ол ел алдында берген уәдесiн орындағаны үшiн жылады.
Қазақ елiнiң әнұранын шырқатып, туымызды желбiреттi. Бiз Ильяға сол үшiн де қарыздармыз.
Қызылордада апта басында VII “Алаштың асқақ рухты жастары” атты облыстық жастар форумы өттi. Осы шара барысында облыс әкiмi Б.Қуандықов Илья Ильиндi “Асқақ рухты жас” номинациясымен марапаттап, 4 млн. теңге сыйақыны табыс еттi. Кез келген спорт­шының­ биiктен көрiнуi үшiн бапкерi аз тер төкпейтiнi белгiлi. Бұл орайда Ильяны әлем чемпионатына дейiн баптаған Тойшан Бек­темiровтiң еңбегi ескерiлмей қал­ған жоқ, оған 1 млн. теңге көле­мiндегi қаржылай сертификат берiлдi. “Бәрекелдi” дестiк. Жү­ректi де, бiлектi ұлын туған елi осылай құрметтесе керек-тi. Сондай-ақ, бұл форум барысында жуырда Түркияда еркiн күрестен өткен әлем чемпио­наты­ның қола жүл­дегерi Дәулет Ниязбековке де сый-сияпат тапсырылды.
 
Нағымжан САУЯЕВ,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар