1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 қараша 2011
Корольдiк клуб голға сусапты

22 қараша күнгi УЕФА Чем­пион­дар лигасы топтық кезеңiнiң 5-тур ойындары қызыққа толы болды. 8 қалада өткен кездесулерде гол саны арта түсер ме едi, егер қақпа бағаны мен дiңгегi болмағанда.

“А” тобы. Мюнхендiк “Бавария” испандық “Вильяреал” клубын қабылдап, 3:1 есебiмен ұтты. “Баварияның” бас бапкерi Юпп Хайн­кес Франк Рибериге разы шығар. Француз Франк кездесуде барын салып ойнап, өзiнiң мүмкiндiгiн де паш еттi. Рибери 3-минутта есеп ашқан соң, алаң иелерiнiң ойындағы басымдығы сырт көзге бiрден байқалды. Әлсiн-әлсiн доптан айырылып, пұшайман күйге түскен қонақтар таразы басын теңестiрудi емес, тағы да гол жiбермеудiң қамымен жүргендей көрiндi. Бұған тоқтайтын “Бавария” ойыншылары ма, 23-минутта Марио Гомес есептi ұлғайтты. Қонақтар сапынан Джонатан де Гузман 50-минутта шiрене теуiп есеп айырмасын қысқартқан. Артынша Рибери (69-минутта) екiншi голын соқты да, командасына жеңiске жеткiздi. 
Неаполь қаласындағы “Сан-Паоло” стадионында жергiлiктi “Наполи” “Манчестер Ситидi” 2:1 есебiмен ұтып кеттi. Эдинсон Кавани 17-минутта есеп ашып, алаң иелерi алға шыққан-ды. 33-минутта Марио Балотелли нәтиженi теңестiрген. Бiрақ итальяндықтар күшiнiң басым екенiн Каванидiң 49-минуттағы голымен дәлелдедi.
“В” тобы. Мәскеудiң 80 мың көрермендi қаусыра алатын “Лужники” стадионына жиналған 22 мың жанкүйер алдында жергiлiктi “ЦСКА” француздың “Лилль” клубын қабылдап, жеңiлiске ұшырады. Сөйтiп, мәскеулiк әскерилер “В” тобында төменге бiр-ақ сырғыды.
Ойын алғашқы минуттардан-ақ аңдысумен басталып, бiрiншi тайм бiткенше екi команда да есеп аша алған жоқ. Тек 49-минутта Василий Березуцкий қақпа алдында қалбалақтап жүрiп, аяғындағы допты қақпашыдан асыра тебемiн деп автогол соғып алды. Осыдан кейiн-ақ француздардың есептi ұлғайта түсуге деген құлшынысы арта түстi. 64-минутта Мусса Сой екiншi голды Владимир Габуловтың ашық қалған қақпасына солқ еткiздi.
Түркияның Трабзон қаласында өткен “Трабзонспор” мен итальяндық “Интер” кездесуiнде жеңiм­паз анықталған жоқ. Қос клуб та тең ойынға тоқтам жасап тарқасты. 18-минутта “Трабзонспор” қорғаушыларын сан соқтырған Рикардо Альварес командасын алға оздырғанымен, 23-минутта Халил Алтынтоп алыстан шiрене теуiп, Жулио Сезар қорғайтын қақпаның торын тесiп жiбере жаздады.
 “С” тобы. Румынияның Бухарест қаласында жергiлiктi “Оцелул” клубы швейцариялық “Базель” клубын қабылдап, жеңiлуге мәжбүр болды. Фабиан Фрей 10-минутта, Александр Фрей 14-минутта, команда капитаны Марко Штреллер 37-минутта гол соғып, қонақтар айқын басымдықпен алға шыққан. Артынша Габриэел Джурджиу (“Оцелулдың” капитаны) нәтиже алшақтығын жақындатса, 81-минутта Ливиу Антал екiншi голды соқты. Ойын 3:2 есебiмен қонақтардың пайдасына шешiлдi.
“Олд Траффорд” стадионындағы “Манчестер Юнайтед” пен португалдық “Бенфика” арасындағы ойын 2:2 есебiмен аяқталды. Фил Джонстың 3-минуттағы автоголынан кейiн қонақтар озған. Алайда алаң иелерi 30-минутта Дмитар Бербатовтың голымен қарымта қайтарды. Дарен Фле­т­чердiң 59-минутта соққан голынан кейiн манчестерлiктер алға шығып едi. 61-минутта Пабло Аймар нәтиженi теңестiрiп кеттi.
“D” тобы. “Лион” мен “Аякс” арасындағы тартыста есеп ашыл­ған жоқ. Есесiне, осы топттың гол “жауған” ойыны Мадридте болды. “Реал” өз алаңында “Динамо Загребтi” 6:2 есебiмен ұтты. Корольдiк клубтың ойыншылары арқаны кеңге салып, гол соғудың керемет үлгiсiн көрсеттi. Әлемнiң ең қымбат ойыншысы Криштианудың көмегiнсiз-ақ (ол бұл ойынға қатысқан жоқ) мадридтiктер жеңiске жеттi. Жеткенде де қарсылас клубты аяған жоқ. Карим Бенземе – 2, Хосе Кальехон – 7, Гонсало Игуаин – 9, Месут Эзил 20-минуттарда есеп ашты. Артынша Хосе 49-минутта, Карим 66-минутта екiншi голдарын енгiздi. Хорваттар қақпасына кiрген алты голга Фатош Бечирай (81-минутта), Иван Томечак (90-минутта) қарымта қайырды.
Кеше түнде топтық кезеңнiң 5-турында мына клубтар кездестi: “Зенит” – “АПОЭЛ”, “БАТЭ” – “Виктория Пльзень”, “Шахтер” – “Порту”, “Арсенал” – “Боруссия Д”, “Байер” – “Челси”, “Валенсия” – “Генк”, “Олимпик” – “Олимпиакос”, “Милан” – “Барселона”.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар