1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15647) 25 қазан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
25 қазан 2011
Кеншiлер күмiстi де қомсынады

Биылғы ел чемпионатында қай клуб жеңiмпаз атанады? Чемпиондықтан дәмелi үш клуб болатын. Талдықорғанның “Жетiсуi” биыл адам танымастай түлеп шыға келдi. Жыл сайын ел чемпионатында 5-сатыдан аса алмай келе жатқан талдықорғандықтар алдында   қазiр кез келген клуб аяғын аңдып басады. Басқа клубтар секiлдi тым құрыса қола, күмiс жүлдеге де жетiп көрген жоқ. Сондықтан “Жетiсу” осы маусымда чемпион атанып жатса, “нардан құлағаны”.

Ал Қарағандының “Шах­терi” ше? Бұған дейiн ел бiрiншiлiгiнде 1995, 2007, 2009 жылдары қола жүлдегер атанды. Жетiсулықтарға қарағанда кеншiлердiң ел бiрiн­шiлiгiнде әр жылдары жеткен жетiстiктерi көңiл көншiтерлiк. Қола медальдi қомсынатын жағдайға жеткен “Шахтер” де күмiстен гөрi чемпиондық тәжге таласатыны сөзсiз. Ендi бiр аптадан кейiн елiмiздiң жаңа чемпионының, бұрын-соңды ел бiрiншiлiгiнде жеңiс­ке жетiп көрмеген клубтың аты белгiлi болады. Ендi 22 қазанда елiмiздiң алты қаласында өткен кездесулерге тоқтала кетейiк.  
Футболдан ел бiрiншi­лiгiнiң 31-туры көптеген болжамның быт-шытын шығарды. Кейбiр “Күреңбай сыншылар” “Жетiсу” күнi бұрын чемпиондық атаққа қол жет­кiзедi” деп кесiп-пiшiп қой­ған. Бiрақ оған кеншiлер жол бермедi. Талдықорғанға қо­наққа барған Виктор Кумыковтың жiгiттерi мәселенiң бәрiн бiрiншi таймда-ақ шешiп тастады. Ойынның 24-минутында бұрыштан жеткен пастың “қанын жерге тигiз­бестен” шiрене тепкен “Шах­тердiң” капитаны Андрей Финонченконың добын қақпашы Мокин қағып үлгере алмады. Өз алаңдарында жеңiлiске ұшыраған жетiсулықтар қан­ша жерден шабуылдағанымен түк өндiре алмады. Серiк Әбдуәлиев баптайтын командада Ұлықбек Бақаевтың жоқтығы көзге бiрден бiлiнiп тұрды.
Айтпақшы, Өзбекстан ұлттық құрамасы мен “Жетi­су” клубының шабуылшысы Ұлықбек Бақаев ендi “Дубай Клаб” клубында доп тебетiн болды. Талдықорғандық клубпен жасаған келiсiм-шарты бiтiп, Бiрiккен Араб Әмiр­лiгiнде нәпақа табатын Бақаев елiмiздiң бiрiншiлiгiнде үш рет – 2004, 2010, 2011 жылдары мерген ойыншы атанды. 32 жастағы футболшы “Жетiсу­дiң” сапында 20-нөмiрлi жейде киген. “Дубай Клабта” да ол осы нөмiрге тоқтапты. 
 Алаңда жалғызсырады ма, Сергей Остапенко ашылып ойнай алмады. Әрiптестерi арқылы өрбiтпекке тырысқан шабуылдары орта жолда үзiлiп қалып жатты. Есесiне Ұлан Қонысбаев, Жамбыл Көкеев, Асқат Борантаев бастаған кеншiлер тағы да голдан дәмелi екенiн байқатты. Сол қапталмен қақпаға қарай ұмтылған Көкеевтен “Жетiсу” қорғаушылары көзi жазып қалды. Алаң сызығымен биiктете тепкен Жамбылдың добын Борантаев қақпаға тура бағыттап, есептi ұлғайтты. 
Екiншi тайм аяқталуға тақағанда алаңдағы бас қазы Руслан Дүзмәмбетов “Жетi­су” қорғаушысы допты қолымен тоқтатты” дедi де, пенальти белгiледi. Мергендер кө­шiнде Бақаевтi өкшелеп келе жатқан Сергей Хижниченко орындауға бел буған. Алайда оның тепкен добы қақпадан қиыс кеттi. Өзiнiң қателiгiне сонша күйiнген Хижниченко көгалға құлай кетiп, жатып алды. Десе де, кеншiлердiң жоғалтқан еш­теңесi жоқ. Олар ендi 29 қазанда өз алаңында “Астананы” қабылдайды. Егер бұл ойында “Астана” “Шах­тердi” еңсерiп кетсе, онда кеншiлер “Ертiстiң” тiлеуiн тiлейдi. Өйткенi соңғы ойынды “Жетiсу” сырт алаңда “Ертiс­ке” қарсы өткiзедi.
Ақтөбенiң орталық стадионындағы “Ақтөбе” мен “Ертiс” арасындағы тартыс та 2:0 есебiмен аяқталды. Бұл ойындағы есеп автоголмен ашылды. Аверченоның добын қағамын деген Чернышевтiң әрекетi үлкен қателiкке соқ­тырды. “Ертiс” қақпашысы Сидельников 22-минутта өз қақпасын қорғай алмады. Самат бастаған ақтөбелiктер бұдан кейiн де шабуылды үдеттi. 32-минутта айып добын аспандата тепкен Смақов екiншi голды соқты. “Ақтөбе” қоладан үмiттi екенiн осылай дәлелдедi.
Елордада “Астана” шым­кенттiк “Ордабасыны” қабылдап, жеңiлiп қалды. “Ордабасы” ойыншыларының қолтығы ендi сөгiлген сынды. Мұның алдында “Жетiсуды” жеңген клуб бұл жолы бас қаланың футболшыларын да аяған жоқ. Алдымен есептi Евстигнеев ашты. 8-минутта қақпаға алыстан тура соққы бағыттап едi, “Астана” қақпашысы Эрич еш қайран көрсете алған жоқ. Тек жанарымен ала допты қақпаға ұзатып салды. Одан кейiн Тәжiмбетов 38-минутта нәтиженi еселедi. Арада тоғыз минут өткенде сол Тәжiмбетов екiншi голын соқты. 59-минутта “Ордабасы” қақпасына пенальти белгiлендi. Богавец есеп айырмасын қысқартатын мүм­кiндiктi қолынан сусытып, тепкен добы айдалаға маңып кеттi. Бiрақ ол өзiнiң қателiгiн әрiптестерi алдында жуып-шайды. 77-минутта гол соғып, командаластарын үмiттен­дiрген. Алайда ойын осы нәтижемен аяқталды.
“Тараз” бен “Қайсар” арасындағы ойында гол көп соғылды. Жамбылдықтар қызылордалықтарға төрт гол тоғытса, қызылордалықтар оларға екi голмен жауап қайтарды.
5-минутта бұрыштама добын шебер орындаған Йованович есеп ашты, артынша 12-минутта тағы да гол соғып, “Таразды” алға шығарды. 16-минутта Семлер есеп айырмасын қысқартты. 23-минут сыр­ғып бара жатқанда Исламхан таразы басын “Таразға” қарай басып, нәтиженi 3:1-ге жеткiздi. 60-минутта Молдақараев есеп айырмасын бiр доп­қа дейiн қысқартқан. Бiрақ қызылордалықтардың салын суға Стахиев кетiрдi. Ол 66-минутта өз қақпасына автогол соғып алды.
“Қайрат” келер жылы Премьер-лигада қала ма?” деген сұрақ мазалайды. Өйткенi кезiнде Одақтың кез келген клубын қалтыратқан Алматының “Қайраты” бүгiнде тым қауқарсыз. Тiптi бұдан бiраз жыл бұрын Премьер-лиганың тiзiмiнен сызылып қалып, қатарға әупiрiммен қайта қосылған клубтың тағдыры биыл да қыл үстiнде. Қалт-құлт етiп келе жатқан Джон Грегорийдiң жiгiттерi 31-тур ойынын сырт алаңда өткiзiп, жеңiлiс тапты. Қостанайдың “Тобылы” Қайратты 2:0 есебiмен еңсердi. Кислицин 42-минутта, Зебелян 84-минутта гол соқты.
 
 
Мергендер:
1.            Ұлықбек Бақаев “Жетiсу” –18 (3),
2.            Сергей Хижниченко “Шахтер” – 14.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар