1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15646) 20 қазан, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 қазан 2011
Еркебұлан ерледi!

Өткен аптада Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң астанасы Абу-Дабиде дзюдодан гран-при жарысы өттi. Оған елiмiздiң дзюдошы ұл-қыздары аттанып, 1 алтын, 2 қола жүлдеге қол жеткiздi.

Гран-при жарысында әлемнiң 60 елiнен келген 370 татами шеберi жүлделердi сарапқа салды.
Еркебұлан Қосаев 60 келi­дегi барлық қарсыластарын иппон әдiсiмен таза жеңдi. Алғашқы айналымда монакалық Ян Сикар­дидi ұтты. Одан кейiн австриялық Людовиг Пайсчер де Қосаевтiң тегеурiнiне төтеп бере алмады. Жартылай сында Еркебұлан немiс Тобиаш Энгель­майердi жығып, финалға шықты. Алтын медаль үшiн айқаста моңғол үмiтi Болдбаатар Ганбатты сан соқтырып жеңiмпаз атанды.
Осы салмақта сынға түскен Асхат Тельманов 8-сатыға тұрақтады.
Сергей Лимнiң 66 келiде қола жүлдеге қолы жеттi. Мұның алдында Алматыда өткен Гран-при жарысының кезеңiнде қола жүлдегер атанған Лим сол межеден аса алған жоқ. Алғашқы айналымда ресейлiк Камал Хан-Магомедовтi жықты. Екiншi бел­десуiнде иран балуаны Вахид Бануды ұтты. Ширек финалда пол­як Томаш Ковальскидi жеңдi де, жартылай сында жапон Массаки Фукуокаға есе жiбердi. Сол Масаки 66 келiде жеңiмпаз атанды.
73 келiде белдескен Ринат Ибрагимов те қола жүлдегер атанды. Iрiктеу кезеңiнде моңғол Одбаяр Ганбатаарды, өзбек Навруз Джуракобиловты, украиналық Владимир Сороканы ұтқан. Жартылай финалда Ринаттың да жолын   жапон балуаны кестi. Ясухиро Аванодан өте алмады.
Қыздар арасында елiмiздiң намысын 48 келiде Александр Подрядова, 52-де Келбет Нұрғазина, 57-де Ленария Мингазова, 63-келiде Зарина Әлдiкова, 70 келiде Жанар Жанұзынова мен Мәриям Ордабаева, Гүлжан Иссанова, Зарина Әбдiрасылова, Ғалия Үлментаевалар 78 келiде күштерiн сынап ел намысын қорғайды.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар