1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15645) 18 қазан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 қазан 2011
Алтыннан үш клубтың үмiтi бар

Ендi екi ойыннан кейiн елi­мiздiң биылғы чемпионы анықталады.

Өткен сенбiде Премьер-лиганың 30-тур ойыны өттi. Елiмiздiң алты қаласындағы ойын нәтижесi төмендегiдей.
“Қайсар” өз алаңында Қостанайдың “Тобылын” қабылдап, 4:1 есебiмен жеңдi. Перич 7-минутта, Сыздықов 20-минутта, Малков 45-минутта гол соғып, есеп 3:0-ге жеткенде ғана былтырғы ел чемпионы “Тобыл” дүр сiлкiндi. Сөйттi де, Волков 67-минутта жалғыз голмен қарымта қайтарды. Алайда Молдақараев төрешi қосқан қосымша уақытта         4-iншi голды тоғытып, “Тобылды” тұқыртып кеттi.
Елордада өткен “Астана” мен “Ақтөбе” арасындағы тартыс, алаң иелерiнiң пайдасына шешiлдi. Маненiң 15-минутта соқ­қан голынан кейiн ақтөбе­лiктер алға шыққан. Бугаев 45-минутта таразы басын теңшеп едi, Костич 61-минутта есептi еселедi. Бугаев 65-минутта өз қақпасына гол соғып алып, таразы басы теңескен. Бiрақ ол өзiнiң орасан қателiгiн дереу түзедi. 70-минутта тағы гол соғып, есептi 3:2-ге жеткiздi. Смақов бастаған қонақтар қанша жерден шаб­уылдағанымен ештеңе өндiре алмады. Төрешi де ақтөбе­лiктерге болысқандай ойын ережесiн екi мәрте бұзғаны үшiн Шахметовтi алаңнан қуды. “Астана” 10 ойыншымен қалса да, қорғанысын қақыратпады.
“Шахтер” мен “Ертiс” арасындағы ойын да алаң иелерi­нiң пайдасына шешiлдi. Алдымен есептi қонақтар ашты. Даскалов 2-минутта-ақ Мокин­нiң көзiн ала берiп, гол соғып кеттi. Кеншiлер алғашқы тайм­да дүркiн-дүркiн шабуылдағанымен, ештеңе өндiре алмады. Таразы басын 57-минутта Джидич теңестiрдi. Қарағандылықтар содан соң ғана ес жиып, жеңiске жетуге талпынды. Бұл әрекеттерi нәтижелi болды да. Досманбетов 80-минутта, Финонченко 90+3-минутта гол тоғытып, ойын 3:1 есебiмен аяқталды.
Шымкентте өткен “Ордабасы” мен “Жетiсу” арасындағы ойын қонақтардың жеңi­сiмен аяқталды. Щеткин 36-минутта есеп ашып, талдықор­ғандықтар алға шықты. Мұх­таров 63-минутта командасын өрге сүйреп, таразы басын теңестiрдi. Алайда шым­кент­тiктердiң бұдан арыға әлдерi жетпедi. Чемпиондық атақтан дәмесi зор “Жетiсу” үшiн әр жеңiс – үлкен мәртебе. Соны бiлдiрiп, Михайлов 85-минутта жеңiс голын соғып кеттi.
“Тараз” бен “Атырау” арасындағы тартыс тең аяқталды. Алаң иелерiнен Мемишевич 18-минутта белсенiп, “Таразды” алға оздырғанымен Данилюк 42-минутта есептi теңестiрдi.
“Қайрат” алматылықтарды тағы бiр жеңiсiмен қуантты. Турнир кестесiнде соңғы орындағы қос клуб арасында ойын 2:1 есебiмен аяқталды. Алматының Орталық стадионында Шакин 8-минутта, Головской 23-минутта гол тоғытып, “Қайраттың” тамырына қан жү­гiр­ген. “Восток” сапынан Удалов ұрымтал тұста ойқастап, (77-минутта) нәтиженi қысқартты.
Биыл кiмнiң бағы жанады екен? Әзiрге “Жетiсудiң” ұпайы түгел. Олар мұның алдындағы үш ойында да жеңiлiстен көз аша алмай, ұпайдан айырылды. Әйтпегенде алтынға елден бұрын қол жеткiзер едi. “Шахтердiң” де бас жүлдеден дәмесi зор. Олар әзiрге көш басындағы талдықорғандықтардан екi-ақ ұпай артта қалып келедi. “Астана” үшiн барын салып, қалған екi кездесуде жеңiске жетiп, 6 ұпай олжаласа чемпион атануға мүмкiндiк мол. Елордалықтар чемпион атану үшiн алдыңғы екi клуб қалған ойындарында жеңiлiс табуы керек. Бiрақ оған “Жетiсу” мен “Шахтер” келiсе қоя ма?
Мергендер:
1Ұлықбек Бақаев “Жетiсу” –18 (3),
2.Сергей Хижниченко “Шахтер” – 14.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар