1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15643) 11 қазан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 қазан 2011
Гилявогидiң қос голы

1 жасқа дейiнгi Қазақстан жастар құрамасы да сырт алаңдағы ойында жеңiлiп қалды. Француздар Слобадан Крчмаревич баптайтын бiздiң жастарды 2:0 есебiмен жеңдi. Қос голды да “Сент-Этьен” клубының қорғаушысы Джошуа Гилявоги соқты.

Ол ойынның 26,55-минуттарында қанжығасын майлады.
Баспасөз конференциясында Франция жастар құрамасының аға бапкерi Эрик Момбертс бiздiң жiгiттердiң қорғанысын мақтады. “Шәкiрттерiм бұдан да көп гол соғуға ынталы едi, оған қарсы команданың қорғанысы мүмкiндiк бермедi. Қазақстан футболшылары бұл ойында барын салды”.
Осы ойын алдында бiздiң бас бапкер жеңiс үшiн бара жатқанын айтқан. Бiрақ Самат Отарбаев бастап шыққан бiздiң жiгiттер бапкер сенiмiн ақтай алмады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар