1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15643) 11 қазан, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 қазан 2011
Қайраткердi халқы құрметтедi

Өткен жексенбiде Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданының орталығы Есiк қаласында волейболдан турнир өттi. Мемлекет және қоғам қайрат­керi, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылған турнирге облыс аудандарынан 8 команда қатысты.

Жарысты өткiзу шартында көрсетiлгендей, 40 жастан асқандар ғана алаңға шықты. Ойын олимпиадалық жүйемен өткiзiлдi. Яғни екi мәрте жеңiлген команда жарыстан шығады. Тартысты өткен кездесуде ақтық сынға Қаратұрық ауылының командасы мен Сарыбастау ауылының волейболшылары шыққан. Сарыбастау­лықтар қанша тырысқанымен, жеңiстi қолдан шығарып, II орынмен шектелдi. III орынды Есiк қаласының командасы еншiлесе, IV орынды Түрген ауылынан келген команда олжалады. Жеңiмпаз командаға кубокпен қатар ақшалай сыйлық берiлсе, жүлдегер командалар ақшалай сыйға қоса дипломмен марапатталды.
Ерекше көзге түскен үздiк ойыншылар да қошеметке бөленiп, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Сауапты шараға ұйытқы болған – Райым­бек атындағы республикалық қоғамдық қор. Төрағасы – Т.Естенов.
Турнирдi ұйымдастырушылар жарыс Алтынбектi еске түсiрумен бiрге бұқаралық спорттың дамуына қозғау салу мақсатында өткенiн айтып өттi. Қарапайым халық елi үшiн туған ұлын өздерi ардақтады.
Алтынбегiн сағынған қазағы жыл сайын осындай спорттың әр түрiнен жер-жерде (шағын футбол, волейбол, бильярд) турнирлер ұйымдастырады. Бұл – жылдан жылға дәстүрге айналған шаруа. Мемлекеттен соқыр тиын бөлiнбесе де, Алтынбектi еске алуға арнал­ған кез келген жарыс жоғары деңгейде өткiзiлiп келедi. Есiк қаласындағы турнирде оған тағы да көзiмiз жеттi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар