1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15640) 29 қыркүйек, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
29 қыркүйек 2011
Жақыпов неге жеңiлдi?

Бакуде басталған әлем чемпио­натының алғашқы күнi бiздiң ел үшiн сәтсiз болды. Ең жеңiл салмақтағы (49 келi) Бiржан Жақып өзiнен бойы да аласа, жасы да кiшi кубалық бозбаладан жеңiлiп қалды. Бұл бiз бiлетiн Бiржанға мүлдем ұқсамайды. Алғашқы раундтан-ақ сылбыр қимылдады. Тiптi соққылары басын тарс бүркеп алған кубаның қара домалағына дари қоймады. Керiсiнше, өзiне ауыр соққыларды жiберiп алды. Тiптi соңғы раундта кубалық қабылан бiздiң Бiржанның тұмсығын бұзып, қанатып жiбердi.

Өкiнгенмен не пайда? Бұған дейiн қытайлық тапал Зоу Шиминг­ке ғана ығысып жол берiп жүрген Жақыповтың алдына ендi Куба боксының жаңа үмiтi Иосвани Вейтиа да түсетiн болыпты. Ол әлем чемпионатының қола жүл­дегерi, Азия чемпионы, Азия ойындарының күмiс жүлдегерi Жақыповты 21:11 есебiмен ұтып кеттi. 
Чемпионаттың екiншi күнi ринг­ке шыққан Олжас Сәттiбаевтың айы оңынан туды. Ол марокколық қарсыласы Абделфатах Нафилдiң жолын 14:4 есебiмен кестi. Олжас рингке ендi 2 қазанда шығады. Қарсыласы – молдавалық Александр Рискананы 25:12 есебiмен жеңген ирландиялық Майкл Конлан.
 Кеше 81 келiдегi Әдiлбек Ниязымбетов молдовалық Владимир Челеспен қолғап түйiстiрдi. Бүгiн Баку рингiнде екi дүркiн әлем чемпионы Серiк Сәпиев (69 келi)    Эквадор үмiтi Карлос Санчеспен тартысқа түседi. Ертең 30 қыр­күйек­те Азия ойындарының чем­пио­ны Данияр Елеусiнов (64 келi) шотландиялық Джош Тэйлормен тайталасады. 1 қазанда қос бiрдей боксшымыз жарысты бастайды. 60 келiдегi Ғани Жайлауов жапон Шота Накаямаға қарсы шықса, 75 келiдегi Данабек Сужанов тай­пейлiк (Қытай) Янг Ю Тингпен қолғап түйiстiредi. 
Iрiктеу кезеңiн екiншi айналымнан бастайтын Василий Левиттiң (91 келi) қарсыласы белгiлi болды. Словакия боксшысы Сандро Дирнфилдтi жеңген американдық Джозеф Уиллиамс ендi бiздiң Левитпен 2 қазан күнi қолғап түйiстiредi.
Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да 2 қазанда серб боксшысы Милутин Станковичпен күш сынасады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар