1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15637) 20 қыркүйек, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 қыркүйек 2011
“Қайраттың” ойыны осындай едi

Өткен сенбiде Премьер-лиганың 27-туры өттi. Өскеменнiң “Востогы” өз алаңында “Атырауды” қа­былдап, 1:2 есебiмен жол бердi. 25-минутта Згура Александрдың голы өс­кемендiктердi алға шығар­ғанымен, Данилюк Тарас 35-минутта есептi теңес­тiрдi. Сол Тарас ойынның екiншi таймында да гол соқты. 78-минутта айып добын тамаша орындап, голға айналдырды.

Қажымұқан атындағы стадионда шымкенттiк “Ордабасы” елордалық “Астананы” жеңдi. 21-минутта Тәжiмбетов есеп ашты, 27-минутта төрешi белгiлеген пенальтидi Касьянов сәттi орындады. I тайм бiтуге тақағанда Қайрат Нұрдәулетов гол соғып, есептi қысқартты. Ойынның 70-минутында Жалмағамбетовтiң соққан голы таразы басын теңестiрдi. Астаналықтар тең нәтиженi қанағат еттi ме, босаңси бастады. 86-минутта Касьяновтың айып соққысын голға ұластырғаны “Ордабасыға” жеңiс сыйлап, үш ұпай әкелдi.
Бұл ойынды алматылықтар ұмыта қоймайтын шығар. Турнир кестесiнде төменгi сатыда тұрған “Қайрат” “қайратына мiндi” де, былтыр ел чемпионы атан­ған қостанайлық “Тобылды” iрi есеппен жеңдi. 3 гол да екiншi таймда соғылды. Шакин 47-минутта “Қайратты” алға шығарды. Артынша Головской 67-минутта нә­тиженi еселедi. Одан кейiн Шакин (70-минутта) тағы да белсенiп, есептi 3:0-ге жеткiздi.
Баянауылда “Ертiс” пен “Ақтөбе” арасындағы ойында есеп ашылған жоқ.
Қарағандыда “Шахтер” Талдықорғанның “Жетiсуын” 2:1 есебiмен ұтты. Әзiрге көш басында тұрған “Же­тiсу” соңғы ойындарын сылбыр өткiзiп, нәтиже­сiнде ұпайдан қағылып келедi. Бұл жолы да маңдайға жеңiлiс жазылды. Ойынның 10-минутында бұ­рыштан жеткен допты Қонысбаев голға ұластырды. 67-минутта биылғы бiрiншiлiкте мергендер көшiн бастап жүр­ген Ұлықбек Бақаев таразы басын теңшегенiмен, Жамбыл Көккеев (81-минутта) айып соққысын дәл бағыттап, “Шахтерге” жеңiс сыйлады.
Қызылордалық “Қайсар” өз алаңында “Таразды” тұқыртты. Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өткен ойын 2:0 есебiмен алаң иелерiнiң пайдасына ше­шiлдi. 56-минутта Сем­лердiң әуелете берген пасын голға ұластырған Перичтiң қанжығасы 87-минутта тағы да майланды.
 
 
Мергендер:
1.            Ұлықбек Бақаев “Жетiсу” –18 (3),
2.            Сергей Хижниченко “Шахтер” – 14,
3.            Драган Богавац “Ақтөбе” – 11 (3).
Қуаныш Бажақ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар