1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15637) 20 қыркүйек, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 қыркүйек 2011
Жүлдеден жолдама көп

Бiр жұма “Sinam Erdem” спорт кешенiнде әлемнiң 104 елiнен 900-ден аса балуан тер төккенiн, Түркияда күрес түрлерiнен бас­тал­ған әлем чемпионатында грек-рим балуандары тәуiр нәтиже көрсетiп, елге еңсе тiктеп орал­ғанын жазған едiк.

Қазақ елiнiң еркiн күрес бал­уандарына келгенде қомсынып қалатыны анық. Күрес түрлерiнiң iшiнде осы еркiн күрестен өзгеге есемiз еселенiп кетiп жүргенi жан­ға бататын.   Тәуелсiздiк ал­ғалы бiздiң еркiн күрес балуандары арасынан тек Мәулен Мамыров қана 1997 жылы (Ресейдiң Красноярск қаласы) өткен әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды. Содан берi 14 жыл өттi, бiз еркiн күрес балуандарынан жүлде күтумен келдiк.
Сол үмiт араға жылдар салып қайта бас көтердi. Ыстамбұлдағы әлем чемпионатын қорытындылаған еркiн күрес балуандары арасынан Мәуленнiң жолын Дәулет пен Дәурен жалғады.
55 келiде белдескен Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатындағы белдесулерiн бiрден екiншi айналымнан бастады. 1/16 белде­суiнде грек Лоанис Иванидистi 4:0 есебiмен күйрете жеңдi. Одан кейiн өткен жылы Еуропа чемпионы атанған әзiрбайжан балуаны Махмуд Магомедовтi де еңсердi. Ширек финалда ғана ресейлiк Виктор Лебедовке жол бердi. Артынша бұл қателiгiн Дәулет жұбаныш белдесуiнде түзедi. Қырғыз Нұрлан Мәкенәлиевтi, одан соң, қола жүлде үшiн белдесуде армян Михран Жабурянды жықты. Сөйтiп, Дәулет Лондон олимпиадасының жолдамасына да қол жеткiздi.
Өткен жылы Азия чемпионы атанған Дәурен Жұмағазиев (60 келi) әлем чемпионатындағы ал­ғаш­қы белдесуiн перулiк Пастор Хереррумен өткiзiп, 3:1 есебiмен жеңдi. Ирандық Мұстафа Агажаниозонбалахтың да сiлiкпесiн шығарды. Кубалық Алехандро Вальдес Тобиердiң де Дәуреннiң алдында тауы шағылды. Бәрiн сыпыра ұтып келе жатқан Дәуреннiң жолы жартылай финалда бөгелдi. Пуэрторикалық Франклин Гомес Матос Дәуреннiң қателiгiн ұтымды пайдаланып, жеңiстi өз пайдасына жазды. Қола жүлде үшiн қырқыста Жұмағазиев грузин Малхаз Закруды 3:1 есебiмен ұтты.
66 келiдегi Мақсат Дауылбаев, 84 келiдегi Ермек Байдуашев, аса ауыр салмақтағы Марид Муталимовтер Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының ширек финалынан қайтты.
Бейжiң олимиадасының күмiс жүлдегерi Таймұраз Тигиев (96 келi) те қола жүлдеге қол созым қалғанда жеңiлдi. Ол гурзин Георгий Гогшелидзенi жеңдi де, канадалық Хетаго Плиевтi iрi есеппен ұтты. 1/8 финалда Таймұразға Афины олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатын төрт мәрте ұтқан ресейлiк Хажымұрат Гацалов кездескен. Тигиев оның атағына қарап жатпады да, бiрден тұқыртып кеттi. Ширек финалда словакиялық Жозеф Жаловьярды жеңген. Жартылай сында түрiк Серхат Балчимен белдесуге шыққанда болдырып қалды. Қола жүлде үшiн белдесуде де жеңiс американдық Джейкоба Варнерге бұйырды. Жүлде алмады деп Таймұразды жазғыруға болмас. Көңiлдiң тоғаятыны оның уысында Лондон олимпиадасының жолдамасы бар.        
74 келiде белдескен Абдул­хакiм Шәпиев чемпионаттағы тартысын венгр Габор Хатоспен бас­тады. Хатосты жыққан Шәпиевке қытай балуаны Чонгяо Жанг та қарсылық көрсете алмады. Ширек финалда өзбек үмiтi Рашид Құрбанов та қауқарсыздық танытты. Жартылай сында Абдул­ха­кiмнiң жолын иран балуаны Садех Гоударзи кестi. Садех сағын сындырып тастады ма, қола жүлде үшiн белдесуiнде Шәпиев грузин Давит Хутсишвилиден де жеңiлдi.
Шәпиев өткен жылғы әлем чемпионатында жүлдегер атанып едi, бұл жолы тек олимпиада жолдамасына ғана қолы жеттi.     
Қыздардың қоржынында – жал­ғыз қола. Жұлдыз Эшимова-Төртбаева ғана әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды. Гүзел Манюрова жарысты бесiншi орынмен аяқтап, Олимпиаданың жолдамасын еншiледi.
Сонымен Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында бiз неге қол жеткiздiк? Грек-рим балуандары – 3, еркiн күрес балуандары – 4, қыздар 2 жолдаманы олжалады.  
 
Қуаныш Бажақ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар