1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15636) 15 қыркүйек, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 қыркүйек 2011
Сен жанбасаң лапылдап...

Тайландтың Патая қаласында ауыр атлетикадан жасөспiрiмдер арасында Азия чемпионаты аяқ­талды. Сары құрлықтың сақадай сай сайыпқырандары бас қосқан жарыста қазақ елiнiң спортшылары үлкен нәтиже көрсеттi. Бұл жарыста қазақ халқының ұландары жалпы саны 9 медальға: 4 алтын, 1 күмiс, 4 қоланы олжалады.

Азия чемпионатына қатысқан елiмiздiң 17 жасқа дейiнгi 7 спортшының 5-еуi елге жүлдемен оралды. Жасөспiрiмдер арасынан ел қоржынына алғашқы алтын медальдi салған Ғалымбек Жұбат­қанов болды. Ғалымбек қос са­йыстың қортындысында 275 келiлiк зiлтемiрдi басынан асыра көтерiп, Азия чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеру әдiсiнде 125 келiнi еңсердi де, серпе көтеруде 150 келi сом темiрдi басынан асырды. Келесi күнi қара көз қандасымыз Мәдина Тәшкенбаева да осы чемпиондық жолды жалғастырды. Мәдина екi мүмкiндiк қорытындысында 186 (80+106) келiнi бағындырды. Үшiншi алтын жүлденiң иегерi – Василий Кошелев. Оның көрсеткiшi 309 (138+168) келi болды. Ал 77 келi­дегi Геннадий Ли, ирак спортшысына есе жiберiп күмiс медальға иелiк еттi. 69 келiдегi Виктория Вагнер тай елiнiң екi бiрдей аруы­на есе жiберiп, қола медальмен шек­телдi.
Ал 20 жасқа дейiнгiлер арасында қазақ елiнiң спортшылары 10 салмақ дәрежесiнде күштерiн сынаған. Бұл сында бiздiң елдiң спортшылары 1 алтын, 3 қола медальға қол жеткiздi. 94 келiдегi Жасұлан Қыдырбаев 346 (156+190) келiнi бағындырып, Азия чемпионы атанды. Күмiстi тай спортшысы алса, қоланы өзбек спортшысы иелендi. Ал 85 келiдегi Ермек Өмiртай 325 (145+180) қолаға қол созды. Алтын мен күмiс алаң иелерiне бұйырса, осы салмақтағы жерлесiмiз Ербол Мейiрманов 5-орынға табан тiредi. Бойжет­кендерiмiз 63 келiдегi Фаина Сыбанбаева 210 (96+114) келi темiрдi көтерiп, қолаға қол жеткiзсе. Анастасия Швабауер де қос са­йыс қорытындысында 223 (99+124) келiнi ғана ырқына көндiрiп, Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды.
Спортшыларды алда тағы бiр үлкен сын күтiп тұр. Олар 16-22 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ел чемпионатына қатыстады. Осы бiрiншiлiкте қараша айында Парижде өтетiн әлем чемпионатына кiмдердiң барып, кiмнiң қалатыны анықталады. 
Нұржан Қоңырбаев.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар