1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15450) 1 желтоқсан, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 желтоқсан 2009
“Ливерпуль” Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Футболдан Чемпиондар лигасына қатысып жатқан командалар бесiншi тур ойындарын өткiздi.

Бесiншi турдың шымылдығын Қазанда “Рубин” мен Киевтiң “Динамо” футболшылары ашып, 0:0 есебiмен тең ойнады. Бұл екi команданың басты қарсыластары Испанияның “Барселонасы” мен Италияның “Интер” командалары арасындағы ойын 2:0 есебiмен испан футболшыларының пайдасына шешiлдi. “Барселона” футболшылары бес ойыннан кейiн сегiз ұпай жинап, көш тiзгiнiн қолына алды. Одан кейiнгi орында Италияның “Интерi” мен Татарстанның “Рубин” клубтары. Киев “Динамосының” қоржынында бес ұпай бар. Байқап отырсаңыздар, бұл командалардың арасынан плей-офф бәсекесiне жолдама алғандар әзiрге белгiсiз. Желтоқсан айының 9-ында “Интер” – “Рубин”, “Динамо” – “Барселона” командалары арасында соңғы топтық ойындар өтедi. Чемпиондар лигасының 2005 жылғы жеңiмпазы ағылшынның “Ливерпулi” плей-офф бәсекесiне шыға алмай қалды. Венгрияның “Дебрецен” командасын сырт алаңда 1:0 есебiмен ұтқанына қарамастан, Стивен Джерардтың әрiптестерi келесi жылы Еуропа лигасында өнер көрсететiн болды (өз тобында үшiншi орын алған команда Еуропа лигасына қатысады). Топтық ойындарды сүреңсiз бастаған ағылшындардың келесi айналымға шығу-шықпауы Италияның “Фиорентинасы” мен Францияның “Лион” командаларының арасындағы ойынға тiкелей байланысты болған. “Лион” жеңген жағдайда, плей-оффқа берiлетiн екi жолдаманың бiреуi соңғы турда “Ливерпуль” мен “Фиорентина” кез­десулерiнде шешiлмек едi. Алайда, итальяндықтар iстi насыр­ға шаптырмай-ақ, жолдаманың мәселесiн алдын ала шешiп тастады. Францияның “Лионын” өз алаңында қабылдаған итальяндықтар қарсыластарын 1:0 есебiмен жеңдi де, араға тоғыз жыл салып, Чемпиондар лигасының топтық бәсекесiнен өттi.
 
А тобы
“Бордо” (Франция) – “Ювентус” (Италия) – 2:0;
“Бавария” (Германия) – “Маккаби” (Израиль) – 1:0.
В тобы
“Манчестер Юнайтед” (Англия) – “Бешикташ” (Түркия) – 0:1;
ЦСКА (Ресей) – “Вольфсбург” (Германия) – 2:1.
С тобы
“Реал” (Испания) – “Цюрих” (Швейцария) – 1:0;
“Милан” (Италия) – “Марсель” (Франция) – 1:1.
Д тобы
“Порту” (Португалия) – “Челси” (Англия) – 0:1;
“АПОЭЛ” (Кипр) – “Атлетико” (Испания) – 1:1.
Е тобы
“Фиорентина” (Италия) – “Лион” (Франция) – 1:0;
“Дебрецен” (Венгрия) – “Ливерпуль” (Англия) – 0:1.
Ғ тобы
“Рубин” (Ресей) – “Динамо” (Украина) – 0:0;
“Барселона” (Испания) – “Интер” (Италия) – 2:0.
G тобы
“Рейнджерс” (Шотландия) – “Штутгарт” (Германия) – 0:2;
“Униря” (Румыния) – “Севилья” (Испания) – 1:0.
Н тобы
“Арсенал” (Англия) – “Стандард” (Бельгия) – 2:0;
“Аз” (Голландия) – “Олимпиакос” (Грекия) – 0:0.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар