1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15631) 30 тамыз, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
30 тамыз 2011
Балуандарға обал жасады

Астана қаласында өткен “Қазақстан барысы” деп атал­ған күрестi теледидардан түгел көрiп шықтым. Менiң осы са­йысты ұйымдастырушыларға айтар уәжiм бар. Ең бiрiншi атауы­на байланысты. “Қазақстан барысы” несi? Атам қазақ байырдан аста, жиын-тойда ортаға шығып, қарсыластарын қоғадай жапырғандарды “түйе балуан” демеушi ме едi? Бәрi де өңшең түйедей жiгiттер. 

Екiншi, балуандарға қиянат жасады. Бесiн ауа басталған күрес түн ортасына дейiн созылды. Барлығы – 62 балуан. Күресуге 7 сағатқа жуық уақыт берiлдi. Мұндай қысылтаяңда шын мықты анықтала ма? Кемiнде екi-үш күнге дейiн ұзартуы керек едi. Белдесуге шығатын балуандар әбден тыңаюы қажет. Ал оны басшылар ескермедi де.
Үшiншi, ақтық айқасқа шық­қан қос балуанды ұзақ бел­дес­тiру қажет едi. Қызыл белбеу­дегi балуан жамбасқа салып лақтырмақ болып екеуi де құла­ды. Қазақ мұндайды “итжығыс” дейдi. Ал төрешi қызыл бұрыштағы балуанға ұпай жазды.
Қомақты қаржы тiгiлдi. Алыптардың да “не бел кетер, не белбеу кетерге” салатын сәтi едi. Бәрi асығыс болды. Жауырыны жер иiскеуi керек қой. Қазақта “жауырыны жерге тимеген бал­уан”, “жауырыны жер иiскедi” деген тiркес қайдан шықты? Осындай белдесулерден пайда болды емес пе? Ендеше, неге бiр өзiмiз көрмеген барысты телимiз.
Айтпақшы, жүлде турасында. Мәселен, жеңiске жеткен балуанға 150 мың АҚШ доллары берiлдi. Ал оның жеке бапкерi (осы сайыстың бас төрешiсi – ред.) Садық Мұстафаев 50 мың көк қағазды санап алмақ. Ал бiрiнен кейiн бiрiн жығып, ақтық айқасқа жетiп, күмiс жүлдегер болған спортшыға 30 мың доллар бередi. Осы әдiлдiк пе? Ау, бапкерi белдескен жоқ қой. Күмiс жүлдегерге жеңiмпазға тиесiлi ақшаның 50 пайызын беру қажет. Қола жүлденi жеңiп алған спортшыға 25 пайызы тиюi керек. Ал мұнда бәрi бас­қаша болды.
Келесi жылы осы сайыс жал­ғасын табады деген сөз айтылды. Сол кезде осы жағы ес­керiлсе.
 
Алпысбай Дайырбаев,
зейнеткер.
Алматы қаласы.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар