1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (15633) 6 қыркүйек, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
6 қыркүйек 2011
Спорт ақпарат

ОЛЬГАНЫҢ ОҢ ҚАДАМЫ

Жеңiл атлетикадан Кореяның Дэгу қаласында өткен әлем чемпионатында жерлесiмiз Ольга Рыпакова үш аттап секiруде күмiс жүлдегер атанды. Ол әлем чемпионы атанған украин үмiтi Ольга Саладухиден бар болғаны 5 сантиметр ғана кем секiрдi. Бұған дейiн Еуропа чемпионы болған украин спортшысы алғаш­қы мүмкiндiгiнде-ақ 14 метр 94 сантиметрге секiрiп, чемпиондықтан үмiттi екенiн байқатқан. Өскемендiк Ольга болса, 14 метр 89 сантиметрдi бағындырып, күмiс жүлдегер атанды. Әлем чемпионатының қола жүлдесi 14 метр 84 сантиметрге секiрген колумбиялық Катарин Ибаргуенге бұйырды.
Ұзындыққа секiруден екi дүркiн әлем чемпионы болған кубалық Яргерис Савинье бар болғаны 14 метр 43 сантиметр ғана секiрiп, чемпионатты 6-орынмен аяқтады.     
 
АБЗАЛ БОЛДЫ
Қазақстанның 21 жасқа дейiнгi жастар құрамасы да 2 қыркүйекте кезектi кездесуiн өткiздi. Газетiмiздiң өткен санында Румыния құрамасына қарсы ойнайтынын жазғанбыз. Сол ойын Алматының Орталық стадионында өтiп, қос құрама 1:1 есебiмен тарқасты. Слободан Крчмаревич баптайтын құрамаға алғашқы голды румындардан 30-минутта Грозав соқты. Ойынның 74-минутында Абзал Бейсебеков таразы басын теңестiрiп, құраманы жеңiлiстен құтқарып қалды. Ойын барысында бiздiң шабуыл­шылар қиырдан соққы бағыттап, румын қақпашысы Динудың дегбiрiн қашырып әбден састырды.
Бүгiн жастар Орталық стадионда Словакия құрамасына қарсы ойнайды.
 
КЛУБЫН ХУАН ҚУАНТТЫ
Өткен жексенбiде “Вуэльта” көпкүндiгiнiң (Испания) 15-кезеңi аяқталды. Авилес пен Альто де Англиру арасын жалғайтын 142,2 шақырым жолда испан велошабандозы Хуан Хосе Кобо алдымен келдi. “Geox-TMC” клубының мүшесiнен кейiн екiншi болып, голландиялық Воут Поэльс (“Vacansoleil”) жеттi.   “Geox-TMC” клу­бы­ның атынан қатысып жүрген ресейлiк Денис Меньшев үшiншi болып жеттi.
“Астананың” велошабандоздары Хосеп Хуфре – 28, Роберт Кисерловски – 29, Евгений Петров – 80, Александр Дьяченко – 110, Танел Кангерт – 139, Фредрик Кесьякофф – 140, Андрей Мизуров – 141, Андрей Кашечкин – 143, Энрико Гаспаротто 156-шы болып мәре сызығын кестi.
“Астананың” директоры Джузеппе Мартинелли жуырда жайсыз хабар жеткiздi. Клубтағы белдi спортшының бiрi швед Фредрика Кесьякофтың тамағына суық тиiптi. Ендi ол “Вуэльтаның” қалған кезеңдерiне қатыса алмауы да ықтимал. 
 
ОЛ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Англия ұлттық құрамасының ойыншысы, “Ливерпуль” клубының капитаны Стивен Джеррард үлкен футболға қайта оралды. Ерте көктемде, нақтырақ айтқанда биылғы жылдың наурыз айында жарақаттанған Стивен 5 ай бойы әрiптестерiнен алыстау жүрдi. Ендi мiне 31 жастағы жартылай қорғаушыны клубтың бас бапкерi Кенни Далглиш 18 қыркүйекте алаңға шығармақ. Англия премьер-лигасындағы кезектi ойынын “Ливерпуль” сол күнi “Тоттенхэмге” қарсы өткiзедi.
“Ливерпуль” үшiн Стивеннiң сiңiрген еңбегi ерен. УЕФА чемпиондар лигасының ақтық айқасында итальяндық “Миланнан” 3:0 есебiмен жеңiлiп тұрып, айналдырған алты минут iшiнде таразы басын теңестiрiп кетiп, ойын соңындағы пенальтиде жеңiске жеткенi де ел есiнде. Осындай жанкештiлiк танытып, командасы үшiн барын салуға әзiр Джеррард футболды сағынғанын айтыпты.
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар