1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15450) 1 желтоқсан, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 желтоқсан 2009
Түркеллери мен Нидiң еңбегi ерекше

Оңтүстiк Кореяның Гоянг қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрамасының ауыр атлетшiлерi толағай табысқа кенелдi. Өткен аптаның басында 53 келi салмақ дәрежесiнде ел намысын қорғаған жерлесiмiз, он алты жасар Зүльфия Шиншанло алтыннан алқа тағынып, Гиннестiң рекордтар кiтабына енсе, артынша 63 келi салмақта күш сынаған Майя Манеза да (суретте) Маия Манеза Қазақстан құрамасының қоржынын алтынмен толықтырды. Ерлер арасындағы сайыс­қа келер болсақ, Олимпиада ойындарының жеңiмпазы әлемнiң екi дүркiн чемпионы Илья Ильиннiң салмағында өнер көрсеткен Владимир Седов қоссайыс қорытындысы бойынша 402 ұпайға ие болып, елiмiзге үшiншi алтынды сыйлады. Ал Қазақстанға төртiншi алтынды тарту еткен Светлана Подобедова жайлы әңгiме бөлек...

Қазақстанның ауыр атлет­шiлерi, сөз жоқ, Оңтүстiк Кореяда өткен әлем бiрiншiлiгiн­де табысты өнер көрсеттi. Оған ешкiмнiң дауы болмауы тиiс. Алексей Ни мен Энвер Түркеллериден тәлiм алған бiздiң қыз-жiгiттер әлем бiрiншiлiгiнiң қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте Қытайдан кейiнгi екiн­шi орынға ие болса, бойжет­кен­дерiмiз Қы­тай ауыр ат­летшiлерiн басып озып, командалық есепте бi­рiн­шi орынға ие болды. Мұн­дай жағдай Қазақстан ауыр атлетикасының тарихында бiрiншi рет болып тұр.
Әлемнiң екi дүркiн жеңiм­пазы, Олимпиада чемпионы Илья Ильин әлем бiрiншiлiгiне бармайтыны белгiлi болғаннан кейiн оның орнына барған Владимир Седов Ильинге лайықты iзбасар бола ала ма деген сұрақтың күн тәртiбiнде тұрғаны жасырын емес. Бейжiңде өткен олимпиадалық ойында төртiншi орынға табан тiреген Седов ел сенiмiн толықтай ақтады десек болады.
Владимир Седов жарыс жолына шықпас бұрын 85 келiде өнер көрсеткен жер­лесiмiз Владимир Кузнецов әлем бiрiншiлiгiнiң қола ме­далiн жеңiп алды. 2005 жылы 77 келi салмақта Азия чемпионы атан­ған шығысқазақстандық спорт­­шы Оңтүстiк Корея жер­iнде 376 келiнi өз ырқына бағындыра бiлдi. Владимир алдымен жұлқи көтеруде 170 келiнi бағындырса, серпи көтеруде 206 келiнi көтердi. Бұл салмақтың бас жүлдесiн Қы­тай атлетi жеңiп алса, күмiс медаль Беларусь спортшысына бұйырды.
94 келiде күш сынаған Владимир Седов қоссайыс қорытындысы бойынша, өзiнiң басты қарсыласы әзiрбайжандық Низами Пашаевтан он бес келiге артық көтердi. Әзiр­байжан спортшысы жұлқи көтеру мен серпи көтеруде ешқандай жүлделi орынға iлiне алмады. Ал В.Седов болса, жұлқи көтеруде 185 келi көтерiп (Илья Ильин Олимпиада ойындарында 180 келiнi бағындырған), өзiне тең келер қарсылас таппаса, серпи көтеруде 217 келiнi игерiп (И.Ильин Олимпиада ойындарында 226 келiнi көтерген), екiншi болды. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен елiмiздiң тағы бiр ауыр атлетшiсi Игор Вашанов он екiншi орынға ие болды. И.Вашанов қоссайыс қорытындысы бойынша, 370 келiнi бағындырды.
ПодобедоваОсыдан екi-жыл бұрын Ресейден Қазақстанға қоныс аударған Светлана Подобедова (суретте) белгiлi себептерге байланысты Бейжiң Олимпиадасына қатыспай қалған едi. Қазақстан туы астында өнер көрсетуге бел буған С.Подобедова осы жылы Талдықорғанда өткен Азия бiрiншiлiгiнде қоссайыс нәтижесi бойынша әлем­дiк рекордқа түзету ен­гiзiп, Азия чемпионы атан­ған-ды. Бұл жолы С.Подобедованың жаңартпаған рекорды қалмады. Жұлқи көтеруде ресейлiк Наталья Зоболотноның әлемдiк рекордына түзету енгiзген Подобедова 132 келi зiлтемiрдi жұлып алғанда бас бапкер Алексей Нидiң қуанышында шек болмады. Ал серпи көтеруде жерлесiмiз алдымен 150 келiге тапсырыс бе­рiп, оны ойдағыдай көтерiп шықты. Осыдан кейiн-ақ Светлананың әлем чемпионы атанғаны белгiлi болды. Өйткенi, жұлқи көтеруде он бiр келiге артта қалған Светлананың бас­ты қарсыласы қытай Цао Лей серпи көтеру жаттығуында 148 келiмен тоқтаған едi. Светлана Подобедова соңғы екi мүмкiндiгiн де сәттi пайдаланды. Алдымен 155 келi, одан кейiн 160 келiнi өзiне бағындыра бiлген Светлана Подобедова серпу тәсiлi бойынша да әлемдiк рекордты өз атына жазды. Серпи көтеруде бұған дейiнгi әлемдiк рекордтың иесi қытай спортшысы Лю болатын. Людiң рекордтық көр­сеткiшiнен бiр келiге артық көтерген Светлана Подобедова қоссайыс нәтижесiнде өзiнiң Талдықорғанда жасаған рекордтық көрсеткiшiнiң үстi­не тағы алты келi қосты. Светлананың салмағында бақ сынаған оңтүстiкқазақстандық Татьяна Хромова жалпы есепте бесiншi орынға ие болды. Т.Хромова жұлқи көтеруде 110 келiнi көтерсе, серпи көтеруде 135 келiнi бағындырды.
Қазақстанның ауыр ателтика қауымдастығының баспасөз хатшысы Бақтияр Қабасовтың айтуынша, келер жыл­ғы әлем бiрiншiлiгi Түркия елiнде өтедi. Жарыстың жабылу салтанатында әлемдiк ауыр атлетика қауымдастығының президентi Томаш Аян Түркия басшысына халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының туын табыс еттi.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар