1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15630) 25 тамыз, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
25 тамыз 2011
Cпорт ақпарат

ЖҰПТАСҚАНДА ЖАҚСЫ-АҚ...

Қазақстандық теннисшi Ярослава Шведова амеркандық ракетка Ваня Кингпен тiзе қосып, АҚШ-та аяқталған халықаралық турнирдiң бас бәйгесiн ұтты. Жүлдеге тiгiлген 2 миллион доллар үшiн қос қыз барын салған. Алғашқы кездесуiне олар амеркандық жұп Алекс Глатч пен Кристина Мак-Халды үш сетте 3:6, 6:4, 10:5 есебiмен жеңдi. Ширек финалда тағы да АҚШ теннисшiлерiне қарсы ойнады. Бұл жолы Лизель Хубер мен Лизу Раймондты екi сетте-ақ (7:6, 6:4) сыпыра ұтты. Жартылай сында ресейлiк Екатерина Макарова және қытайлық Жи Женг те бұларға екi сет қана төтеп бере алды. 6:1, 6:3 есебiмен жеңген Шведова – Кинг жұбы ақтық айқаста оңтүстiкафрикалық Натали Грандин мен чех қызы Владимир Ухлированы үш сетте тiзе бүктiрдi.
 
АЛТЫНЫ ЖОҚ АЛТЫ ЖҮЛДЕ
Қытайдың Шенжен қаласында өткен бүкiләлемдiк XXVI жазғы Универсиадада Қазақ елiнiң спортшылары үш күмiс, үш қола жүлденi еншiледi. Сөйтiп, сайысқа қатысқан 150 елдiң арасынан 45-сатыға орнықты.
Көш басында ханзулар тұр. Олар өздерi өткiзген универсиадада 75 алтын, 39 күмiс, 31 қола еншiледi. Ресей студенттерi де қарап қалған жоқ. 42 алтын, 45 күмiс, 45 қола жүлдеге қол жеткiзiп, командалық есепте екiншi орыннан көрiндi. Үздiк үштiктi 27 алтын, 20 күмiс, 30 қола медальдi қоржындарына тоғытқан Оңтүстiк Корея студенттерi түйiндедi.
 
ЖЕҢIС ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕРДЕ
Болгарияның София қаласында тамыздың 19-ында басталған “Қара теңiз – 2011” халықаралық волейбол турнирiне елiмiздiң ерлер және қыздар құрамасы қатысып жатыр. Жастар арасындағы сайысқа қос бiрдей құраманы Григорий Неклюдов бастап апарған болатын. 1993-94 және 1995-96 жылы туған балалардан құралған екi құрама да тәуiр нәтижеге қол жеткiздi. Алдымен 1993-94 жылғы волейболшылар паркетке шықты. Жерлестерiмiз Румыния құрамасын 2:0 (31:29, 25:23), Польша спортшыларын да дәл осындай 2:0 (25:21, 25:19) есебiмен жеңдi.
1995-96 жылғылар да жарап тұр. Олар әзiрге топ бастап келедi. “А” тобында Болгарияны 2:0 (25:18, 25:15), Словакия құрамасын да 2:0 (25:14, 25:20) есебiiмен ұтты.
Халықаралық турнирдiң жеңiмпазы 29 тамызда анықталады.
 
ЖЕР ШОЛЫП ҚАЙТПАСАҚ БОЛДЫ
Тамыздың 23-iнде Франция астанасы Парижде дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Ерлер және қыздар арасындағы чемпионатқа 136 елден 949 татами шеберi қатысып жатыр.
Бейжiң олимпиадасының күмiс жүлдегерi Асхат Жiткеев баптайтын ерлер құрамасы сайысқа мына құрамда аттанды: 60 келiде – Еркебұлан Қосаев, Елдос Сметов, 66-да – Наурызбек Майлашев пен Азамат Мұқанов, 73-те – Елдар Зарипханов, Ринат Ибрагимов, 81 келiде – Ислам Бозбаев, Саят Шәмшиев, 90 келiде – Тимур Болат, Александр Касачев бар. 100 келiде – 2009 жылы әлем чемпионы атанған Максим Раков күшiн сынайды. Абсолюттiк салмақта (100 келiден жоғары) Ержан Шынкеев белдеседi.
Қыздардан Александра Подрядова (48 келi), Келбет Нұрғазина (52 келi), Ленария Мингазова, Алина Тен (57 келi), Зарина Алдықова, Әйгерiм Қыдырбаева (63 келi), Жанар Жанұзынова, Мәриям Ордабаева (70 келi), Ғалия Үлментаева, Зәмзәгүл Файзолланова (78 келi), Гүлжан Исанова, Зарина Әбдiрасiлова (78 келiден жоғары) татамиде тер төгiп, ел намысын қорғайды
 
САЛПАҚТАП КЕЛЕДI
Бұл күнде Испанияда басталған велокөпкүндiктiң 4-кезеңi де мәресiне жеттi. “Вуэльта” көпкүндiгiнiң 4-кезеңiнде “темiр атын” тебiнген топ Баса мен Сьерра Невада арасын жалғайтын 172 шақырымды өндiрдi. Бәрiнен бұрын мәреге испандық Даниэль Морено келдi. “Катюша” клубының намысын қорғайтын велошабандоздың өкшесiн баса мәре сызығын екiншi болып дат спортшысы Крис Анкер Соренсен (“Saxo Bank” клубы) кестi. “Garmin-Cervelo” клубының атынан қатысқан ирландиялық велошабандоз Даниэль Мартин үшiншi жеттi.
“Астаналықтар” сол баяғы үйреншiктi “күйтiң-күйтiң” жүрiспен жүр. Жақсы нәтиже көрсеттi деген Фредрик Кесьякофф 19-ыншы келдi. Бұл кезеңдi “Астана” мүшелерi Роберт Кисерловски – 34, Александр Дьяченко – 51, Танел Хангерт – 80, Хосеп Хуфре – 92, Евгений Петров – 117, Андрей Мизуров – 139, Андрей Кашечкин – 140, Энрико Гаспаротто 162-iншi болып аяқтады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар