1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15627) 16 тамыз, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 тамыз 2011
Италияны iркiп едiк...

Волейболдан елiмiздiң қыздар құрамасы өткен аптаның соңғы үш күнiн қарбаласпен өткiздi. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында гран-при жарысының екiншi iрiктеу кезеңi өттi. Бұл сын басында Жапонияда өтедi деп жоспарланған. Алайда жер сiлкiнiсi мен атом электр стансасы жарылып, өздерi жарымжан күйге түскендiктен, дода өтпейтiн болып, ұсыныс бiздiң елге түсiптi. Қонақжайлылығын жоғалтпаған қазекем бiрден келiсiм берген.

Осы дода өтер алдында ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев былай деп едi:
– Елiмiзге Бейжiң олимпиадасының жеңiмпазы, осы гран-при жарысын сегiз мәрте ұтқан, әлемде бiрiншi құрама саналатын Бразилия қыздары, төртiншi орында тұрған Италия құрамасы, Азия чемпионатында топ жарған Тайландтың талантты ойыншылары келедi. Бiздiң құраманың негiзi – жастар. Олар бiрден осындай азулы командалармен “тiстессе”, талқысына түс­се, иi әбден қанбай ма? Бiз олардың жемiсiн дәл қазiр емес, келешекте көретiн боламыз, – деп едi. Айт­қаны айдай келдi.
12 тамыз. Алаңда Италия құрамасы мен Қазақстан құрамасы жаттығуды бастап кеттi. Еуропада, әлемдiк сайыстарда әбден ысылған Италия қыздары өздерiне сенiмдi шыққан. Олар бiздiң қыздардан дәл осындай тосқауыл күтпесе керек. Бiрден ойын тiзгiнiн қолған алған Ольга Наседкина бас болып, Ольга Дробышевская қостап, Марина Стороженко қорғанысты бекемдеп оларды әбден састырды. Тiптi бiрiншi сетте 12:5 есебiмен ұзап алды. Алғашқы сетте Екатерина Акилова екi рет, Ольга Наседкина бiр рет допты ойын­ға қосуда қателiк жiбердi. Бiрақ бұл бiздiң қыздардың жiгерiн жасыта алған жоқ. Есеп 24:22-ге жеткенде итальяндықтар шабуылды күшейттi. Бұл кездесуде бiз Кристина Трубинаға алғыс айтуымыз керек. Өзiнiң бойы 178 см ғана. Сонымен қоймай анау ұзынтұра Сара Ансанеллоның, Кристина Барселлинидiң тосқауылдарын қақыратып, шабуылын нәтижелi аяқтады. Бiрiншi сеттегi жеңiс ұпайын да осы Трубина алып бердi. Алғашқы сет 25:22 есебiмен бiздiң пайдамызға шешiлдi.
Екiншi сет те тартысты басталды. Бұл жолы да бiздiң қыздар 25:22 есе­бiмен жеңдi. Ендi бiр сетте тиянақты ойнасақ жетедi. Егер бiз Италия құрамасын тiзе бүктiргенде айды ас­пан­ға шығаратын едiк. Алайда оған мүмкiндiк болмады. Каролина Костагранде ашу­­ға мiндi. Сөйттi де шабуылды дүркiн-дүркiн ұйымдастырды. Нәтиже­сiнде үшiн­шi сет 18:25 есебiмен қонақтардың еншi­сiне бұ­йыр­ды. Осыдан ке­йiн-ақ Байтөреев баптайтын команданың қорғанысы әл­сiздiгiн байқатып алды. Қарсы жақтан Каролина, Сереналар секiрiп келiп допты шегедей қа­дайды. Ал бiздiң тосқауыл­ға шыққан қыздардың ербеңдеген қолы ауа қармап қала бередi. Тiптi кей тұста қарсы жақтан бұрын секiрiп, еңбегi еш, тұзы сор болып жатты.   Команда капитаны Антонелла Дель Коре әрiп­тестерiн жинақылыққа шақырып, нәтижелi ойын көр­сетудi ұсынды. Қорытынды жаман болған жоқ, соңғы екi сетте де олардың есебi түгенделдi. Жалпы есеп 2:2 болғандықтан бесiншi сетке созылды. Бұл сетте ұпай 15-ке дейiн ғана. Бiздiң қыздар         12:11 есе­бi­мен алда тұрған. Дегенмен тәжiрибенiң, әк­кiлiктiң, мықтылықтың кө­рiнiсi осы арада байқалды. Италия қыздары ұтылып тұрып, жанкештiлiкпен есеп­тi теңестiрiп қана қоймай, 15:12 есебiмен жеңiске жеттi.
Бұл күндегi екiншi ойын Бразилия мен Тайланд құрамалары арасында өттi. Тай елiнiң қыздары ықтырды ма, Бразилия құрамасы үш сетте де мейлiнше негiзгi құраммен ойнады. Бұл ойында олар Тайланд құрамасын 3:0 (25:16, 25:23, 25:16) есебiмен ұтып кеттi. Бразилия құрамасына Шейла Кас­тро 14 ұпай алып берсе, тайландтықтардың арасынан Чайсири Тапафайпунның еншiсiне 8 ұпай жазылды. Бұл ойында тай елi қыздарының өте жылдам ойнайтынын байқадық. Бойлары да ұзын емес, алайда өз­дерiнен әлдеқайда еңселi Бразилия қыздарын олар кәдiмгiдей састырды.
 
13 тамыз. Бразилияға Қазақстан қыздары қарсы тұрмақ. Ойын тартысты өттi.
Шын мықтыға тұсау жоқ қой. Фабиана бастаған шеберлер бiздiң құраманы бiраз қақпақылдады. Өздерi оқ бойы ұзап алады. Қазақстан құрамасы өршеленiп, жанталасып жүрiп ұпай айыр­машылығын бiршама қысқартады. Одан кейiн Тайса Манезес, Фабиана Клаудино тосқауылды тiтiретiп, допты шегедей қадайды. Олар осы тәсiлдi ұстанып жүрiп-ақ бiздiң қыздарды 3:0 (25:14, 25:18, 25:20) есебiмен жеңдi.
Бұл күндегi екiншi ойын Италия мен Тайланд арасында өрбiдi. Ойын бес сетке созылып, итальяндықтар 3:2 (24:26, 19:25, 25:22, 25:15, 15:12) есебiмен жеңiске жеттi.
 
14 тамыз. Жарыстың соңғы күнi. Қазақстан құрамасы Тайланд қыздарына қарсы ойнамақ. Азия құрлығындағы екi елдiң волейболы бiр-бiрiне етене таныс. Бұған дейiнгi жарыстарда бұл құрамалар он рет жолдары түйiсiптi. Бес рет – бiз, бес рет олар жеңiске жеткен екен. Өз жерiмiзде өтiп жатқан сайыста ұтылып қалғанымыз жарамайтынын қыздар бiлсе де, еш қайрат көрсете алмады. 5-нөмiрлi тай елi құрамасындағы сымбаты да келiскен Плеумжит Тианькоу, 10-нөмiрлi команда капитаны Валиван Апиняпонг тамаша шабуылдар ұйымдастырды. Бұл ойында бiзге қорғанысты берiк ету керек едi. Өйткенi Тайланд құрамасының бас бапкерi Радчатагриенгкай Киаттипонгтың ұстанған тәсiлi алдау екен. Олар осы тәсiлдi өте мықты қолданды. Плеум­жит­тiң жылдамын-ай! Тордың төбесiнен қарыс бойы ғана көтерiлген допты кейде қатты, ендi бiрде екпiндей келiп ашық тұсқа түртiп түсiре салады. Олар бiздiң құраманы емiн-еркiн ұтты. Осы ойында құраманың команда капитаны Коринна Ишимцева допты ойын­ға қосуда өрескел қателiктер жiбердi. Оның бiр емес, үш рет қателесуi тай елiнiң жеңiске жетуiне жол ашып бердi. Баспасөз конференциясында Тайланд құрамасының капитаны Валиван Апиняпонг Италиямен болған алдыңғы ойында бар күштерiн сарқыса да, ұжымдық ойын өрнегiн дұрыс өрудiң арқасында жеңiске жеткенiн айтты. Ал бiздiң капитан Коринна Ишимцева жеңiске жететiн мүмкiндiк молынан туып тұрғаны, алайда болмашы қателiктер әсiресе допты ойынға қосуда көп кеткенiне өкiнетiнiн жеткiздi. 
Бұл күндегi соңғы ойынды Бразилия мен Италия түйiндедi. Бразилиялықтар 3:1 (25:23, 24:26, 25:18, 25:18) есебiмен жеңiске жеттi.
Ендi командалар тамыздың соңын ала Қытайда гран-при жарысының соңғы iрiктеу турын өткiзедi.
 
 
Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар