1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15625) 9 тамыз, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 тамыз 2011
Спорт ақпарат

ИРАК БОКСЫН “ИЛЕМЕК”

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi болған Дамир Буданбеков Ирак ұлттық құрамасының бас бапкерлiгiне бекiтiлдi. Бұған дейiн де Ирак Буданбековке қолқа салған көрiнедi. Оны-мұнымен жүрiп, бара алмаса керек. Ирак бокс державасы саналмайды. Жуық арада бола қоюы да дүдәмал. Буданбековтiң Ирак боксын қаншалықты дәрежеге көтеретiнiн уақыт көрсетедi.
 
БОС ҚАЙТПАДЫ
Тайландтың Бангкок қаласында кадеттер арасында грек-рим күресiнен әлем чемпионаты аяқталды. Елiмiзден барған Мейрамбек Айнақұлов 58 келiде алтын медальға қол жеткiздi.
Осы әлем чемпионатымен қатар Бухаресте де (Румыния) күрестен жастар арасында әлем чемпионаты өттi. Грек-рим күресi бойынша 50 келiде белдескен Жансерiк Сәрсенбиев күмiс жүлдегер атанды. Қыздардан Эльмира Сыздықова қоланы мiсе тұтты. Еркiн күрестен Нұрсұлтан Найзабеков қана (50 келi) қола жүлденi иелендi.
 
ЕЛЕУСIНОВ ЕРЕ АЛМАДЫ
Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында бокстан XXVI Азия чемпионаты өтiп жатыр. 24 елден келген 200-ге жуық боксшы 10 күн бойы чемпионаттың жүлдесiн сарапқа салады.
Елiмiздiң намысын 49 келiде Азамат Исақұлов, 52-де Iлияс Сүлейменов, 56-да Мәди Шолақов, 60 келiде Айдар Әмiрзақов, 64-те Алмасбек Әлiбеков, 69-да Рүс­тем Сбаев, 75-те Дәурен Елеу­сiнов, 81 келiде Арман Рысбек, 91 келiде Данияр Үс­тембаев, аса ауыр салмақта Досжан Оспанов қорғайтыны белгiлi.
52 келiдегi Iлияс Сүлейменов алғашқы кездесуiн лаос­тық Пхойлеви Хатсанайға қарсы өткiзiп, армансыз сабады. Сөзсiз мықты екенiн байқады ма, төрешi бәсекенi мерзiмiнен бұрын тоқтатты.
Дәурен Елеусiнов чем­пио­натты ерте аяқтады. 2009 жы­лы Азия чемпионатының қола жүлдесiн еншiлеген Данияр биыл сол биiгiне де жете ал­ған жоқ. Үндiстандық Сингх Кул­деп жерлесiмiздi 17:14 есебiмен жарыс жолынан шығарып тастады.
Айдар Әмiрзақов та ал­ғаш­қы кездесуiн жеңiспен аяқтады. Филиппиндiк Чарли Суарестен 17:18 есебiмен басым түстi. Рүстем Сбаев та келесi кезеңге өттi. Алғашқы бәсiнде ол кувейттiк Насер Альдхафириден басым түстi. Мәди Шолақов өзбек Шохрух Хужобековтi ұтты.  
Азия чемпионаты 13 тамызда аяқталады.
 
АЛДА – АҚТЫҚ АЙҚАС
Қазақстандық теннисшi Галина Воскобоева Канадада өтiп жатқан халықаралық турнирдiң ақтық сынына жолдама алды. 2 миллион доллар жүлдеге тiгiлген Канада ашық бiрiншiлiгiнiң ақтық сынына шығу жолында жерлесiмiз латыш қызы Анастасия Севастованы 6:1, 7:6 есебiмен жеңдi. Украиналық Катерина Бондаренко Галинаның ақтық сындағы қарсыласы болмақ.
   
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар