1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15625) 9 тамыз, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 тамыз 2011
Мұның не, Мане?

“Ақтөбе” де еурокубок жолындағы сапарын аяқтады. Өз алаңында владикавказдық “Алания” командасымен тең ойнап, (1:1) пенальтиде ұтылды.

Қобыланды батыр атындағы стадионды толтырған 13 мың жанкүйер жеңiлiстi тамашалау үшiн келмегенi белгiлi.
Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. 55-минутта әуелеп келе жатқан допты Бикмаев самайымен сүйкей салып едi, Бойченконың қақпасына қарай зулай жөнелдi. Сөйтiп, қонақтар алға шықты. Ендi шабуылды күшейту керек. Таялы-таяғымен алға андыздаған “Ақтөбе” футболшылары ашуға мiндi. Нәтижесiнде Примус 69-минутта алаңнан қуылды. Күш 10 футболшыға түстi. Олар, обалы кәне, барын салып ойнады. 75-минутта Хайруллиннiң тамаша пасына қос бiрдей қорғаушының арасынан сытылып, биiк секiрген Джилас бұрын жетiп, қақпаны дәл көздедi.
Бiр ойыншының кемдiгi кәдiмгiдей бiлiндi. Доппен бiрге жүрген Мане ойын соңына қарай болдыра бастады. Бiтпестей көрiнген 120 минут та түгесiлдi. Төрешi Саймон Ли Эванс келiстiрiп бiр ысқырғаннан кейiн пенальти тебудi алдымен владикавказдықтар бастады. Допқа жақындаған Габулов оң жақ бұрышты көздеген, Бойченко доптың ұшу бағытына қарай құлағанымен тоса алмады. Хайруллин таразы басын теңестiрдi. Бикмаев есептi 2:1-ге жеткiздi. Кенжесариев тағы да теңес­тiрдi. Қырсық бiздi осы арада айналдырды. Гиголаев мүмкiндiктi сәттi орындап, 3:2-ге жеткен. Болдырған Мане маң-маң басып допқа жақындап, ақырын ғана домалата салды. Хомич өзiне әрең жеткен допты жаттығудағыдай-ақ қағып алды. Қонақтар сапынан төртiншi шыққан Неконың да соққысы голға айналып, есеп 4:2-ге жеттi. Маненiң қателiгiн Джилас та қайталады. “Алания” келесi кезеңге шығып кеттi.
 
Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар