1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15624) 4 тамыз, бейсенбі 2011
"Жас Алаштың" спорт беті.
4 тамыз 2011
Спорт ақпарат

ЗАРИНАДАН ҮМIТ ЗОР

Қазақстандық теннисшi Зарина Диас Қытайда бас­тал­ған халықаралық турнирдiң екiншi айналымына өттi. Жүлдеге тiгiлген 75 мың доллар үшiн бұл сынға ешкiм де жеңiлу үшiн қатыспасы белгiлi.
Заринаға алғашқы ойыны ауыр соқты. Себебi ол осы турнирдiң сегiзiншi нөмiрлi ракеткасы саналған украиналық Элина Свитолинаны екi сетте 6:1, 6:3 есебiмен мысын басты. Келесi кезеңдегi ойынын ол ендi кәрiс қызы Со-Джунг Кимге қарсы өткiзедi. Ким алғашқы бәсекесiн ханзу теннисшiсi Ван Тинг Лиге қарсы өткiзiп, 6:2, 6:1 есебiмен үстемдiгiн байқатып, жеңiп кеткен болатын.
 
ЖIГIТТЕРГЕ ЖIГЕР КЕРЕК
Бүгiн “Ақтөбе” өз алаңында Еуропа лигасына iрiктеудiң қарымта ойынын өткiзедi. Владикавказдың “Аланиясымен” болатын тартыста Владимир Мұқанов шәкiрттерiнiң мүмкiндiгi молынан болып тұр.
Алдыңғы ойында қақпашы Сидельников 64-минутта ойын ережесiн бұзғаны үшiн алған қызыл қағазының “арқасында” қарымта ойынға қатыспай, тынығатын болды.
“Ақтөбе” мен “Алания” арасындағы алғашқы тартысты 23 мың көрермен тамашалапты. Бұл әзiрге рекордтық көрсеткiш болып отыр. Себебi бұған дейiнгi еурокубоктық жарыстарда қостанайлық “Тобыл” мен стамбұлдық “Галатасарай” арасындағы ойынды “Әли Сами Иен” атындағы стадионда 22 мың көрермен қызықтаған болатын.   
Көрерменнiң жаны не үшiн күйедi? Командасы жеңiске жетсе деп жанығады. Ендеше, бүгiн болатын “Ақтөбе” мен “Алания” арасындағы тартыста да стадионда адам қарасы көбейедi деп сенемiз. Көпшiлiк қолдап, жанкүйер дем берсе, Самат бастаған серкелер на­мыс­қа қамшы басары сөзсiз.
 
НЕМIС НЕГЕ БIЗГЕ “ӘУЕС?”
Футболдан қазақ елiнiң ұлттық құрамасы 2014 жылы Бразилия жерiнде өтетiн әлем чемпионатының iрiктеу ойындарында қандай құрамаларға қарсы ойнайтыны белгiлi болды. Мирослав Беранек баптайтын жiгiттер “С” тобында Авс­трия, Германия, Ирландия, Фарер аралдарының футболшыларына қарсы жолдаманы сарапқа салады. Қалған топтарда мына құрамалар бар.
А тобы
Хорватия, Сербия, Бельгия, Шотландия, Македония, Уэльс.
B тобы
Италия, Дания, Чехия, Болгария, Армения, Мальта.
D тобы
 Голландия, Түркия, Венгрия, Румыния, Эстония, Андорра.
Е тобы
 Норвегия, Словения, Швейцария, Албания, Кипр, Исландия.
F тобы
 Португалия, Ресей, Израиль, Солтүстiк Ирландия, Әзiрбайжан, Люксембург.
G тобы
 Греция, Словакия, Босния, Литва, Латвия, Лихтенштейн.
H тобы
 Англия, Черногория, Украина, Польша, Молдова, Сан-Марино.
I тобы
 Испания, Франция, Беларусь, Грузия, Финляндия.
 
ҚЫТАЙДА “ТАЛАНАМЫЗ” БА?
Байтөреев бастаған қыздарымыз Қытайдың “Джиангсу” клубымен екiн­шi мәрте жолдастық кездесу өткiзiп, тағы да 0:3 есебiмен ұтылды. Тек үшiншi рет алаңға шыққанда ғана жинақылық танытқан құрама қарсыластарын 3:1 есебiмен жеңдi. Бiздiң спортшылар клубтық командамен осылай ойнап, ұтылып жүрсе гран-при жарысында қайтер екен­бiз?.. Әлде Бақытжанның бiр тырнағы iшiне бүгулi ме? Кiм бiледi, қыздарымыз нағыз бабында екенiн   Луохеде көрсете­тiн шығар. Әлемдiк гран-при жарысының алғашқы iрiктеу кезеңi ертең басталады. “D” тобындағы қыздарымыз АҚШ, Сербия, Қытай құрамасына қарсы ойнамақ. Кезiнде ұлттық құрама сапында сәттi өнер көрсетiп, клубтық сайыстарда да шеберлiгiн шыңдаған Бақытжан Байтөреевтiң бапкерлiк бiлiк­тiлiгi қаншалықты екенi көрiнетiн күн де жақын.
Қытай жерiндегi жарыстарды қазақстандық көрермендер көгiлдiр экраннан тамашалай алады. 
5 тамызда Қытай – Қазақстан арасындағы ойынды “Қазақстан” ұлттық арнасынан 19:30 және 22:50-де көрсетедi
6 тамызда АҚШ – Қазақстан кезде­суi 16:00-де және 23:40-та эфирге шығады.
7 тамыздағы Сербия – Қазақстан ойыны 19:30 және 23:20-да көрермендерге ұсынылады.
 
СЛОВАКИЯДА СЫНАЛЫП КЕЛМЕК
Баянауылдың “Ертiс” хоккей клубы оқу-жаттығуын Словакияда өткiзудi жоспарлап отыр. 
Олар екi аптаға жуық уақытта Словакияның “Баньска-Быстрица”, “Жилина”, “Нитра”, “Мартин” командаларымен жолдастық кездесу өткiзбек.
Тамыздың 17-сiнде елге оралып, Астанада болатын Қазақстан кубогына қатысады.             
 
МАРСЕЛЬ МЫҚТЫ ЕКЕН
Бұл күнде Польшада бастал­ған велокөпкүндiктiң үшiншi кезеңi аяқталды. Бендзин қаласынан шыққан велошабандоздар Катовице шаһарына дейiн жарысып, 135,7 шақырым жолды өндiрдi. Үшiншi кезеңде мәреге өзгелерден озып, немiс Марсель Киттель (“Skil — Shimano” клубының мүшесi) келдi. Онымен құйысқандаса француз Ромен Фейю (“Vacansoleil”) мен дат велошабандозы Йонас Йоргенсон (“Saxo Bank”) жеттi. Бұл бәйгеге “Астана” велоклубы да қатысып жатыр. “Астана” атынан сынға түскен Асан Базаев – 18, Фредрик Кессяков – 39, Симон Кларк – 44, Роберт Кисерловски – 52, Андрей Мизуров – 61, Энрико Гаспаротто – 85, Александр Дьяченко – 109, Евгений Петров 122-iншi болып келдi.
Үш кезең қорытындысы бойынша жалпы есепте де Марсель Киттель жеке дара көш бастап, бәрiнен оқ бойы озық келедi.
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
 

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар